• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмаханов дарияның арғыбетіндегі Жанкент, Бірлік және Қожабақы ауылдарының халқымен кездесті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

04.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Елді мекендерде өткен кездесулерде аудан басшысы алдымен ауданымызда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерді тілге тиек етті.

-Бүгінде ауданымызда білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, кәсіпкерлік салалары мен инфрақұрылымды жақсарту, газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту және жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр өңіріне жасаған қолдауымен, аймақты 4 жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен өңірде ауқымды жобалар жүзеге асты. Биыл жылдың басында Бекарыстан би ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілсе, Майдакөл ауылында өткен жылы 100 орындық ауылдық клуб ел игілігіне табысталды. Қарлан көпірінің құрылысын аяқтауға тиісті қаржы бөлініп, бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында, Қазалы қаласы, Қожабақы ауылы және Ү.Түктібаев ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы жүргізілді. Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту бойынша Абай және Ақтан батыр ауылдары газға қосылса, биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталып, жыл соңына дейін 4 ауылды көгілдір отынға қосу жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған 4 ауылды толықтай көгілдір отынмен қамтығаннан кейін дарияның арғыбетіндегі Өркендеу, Бірлік, Қожабақы бағытындағы ауылдарға да магистральды газ желілерін жүргізу жоспарланып отыр. Жуық арада Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында құрылысы жүргізілген жаңа спорт кешендері пайдалануға берілетін болады. Жол жөндеу жұмыстары бойынша аудан орталығы мен елді мекендерде бірқатар жобалар жүзеге асуда, — деді аудан басшысы.

Аудан әкімі алдағы уақытта аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен аудан халқының әл-ауқатын арттыру бағытында жоспарланған бірқатар жұмыстар жайында да айтып өтті.

Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде тұрғындар тарапынан Жанкент ауылына спорт кешенін салу, көшелерді жарықтандыру, жайылымдық жерлердегі су тапшылығына байланысты су ұңғымасын қазу, электр желілерін жаңғырту, Қожабақы ауылында жуық арада пайдалануға берілетін спорт кешенінен спорттың бокс, күрес түрлерінен үйірмелер ашу және Аранды ауылына барар аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеуге байланысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Аудан басшысы су ұңғымасын қазу бойынша жауапты сала басшыларына ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ұсыныс беруді тапсырды. Ал, елді мекендердегі тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту бойынша кезең-кезеңімен жобалар жүзеге асып жатқандығын, ал Аранды ауылының жолына байланысты жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаржы бөлінген жағдайда жол жөндеу жұмыстары басталатындығын жеткізді. Басқа да мәселелер бойынша тұрғындар сауалына нақты жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша кезең-кезең жұмыстар жасалатындығын айтты.

Халықпен өткен кездесулерде аудан басшысы елімізде Президентіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар, бағдарламалар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы сынды мемлекеттік реформалар мен жаңа бастамалар жөнінде сөз қозғап, халықпен ашық пікір алмасты.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шара өтті

Келесі мақала

Арал ауданында рәміздер күні атап өтілді

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі