• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 13 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі балабақша меңгерушісін зейнет демалысына шығарып салды

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі Ерішова Айгүл Қайыржанқызын зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.04.2026
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шара барысында аудан басшысы Айгүл Қайыржанқызының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім саласының өркендеуіне қосқан елеулі үлесін атап өтіп, көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін алғысын білдірді.

-Айгүл Қайыржанқызы бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардақты жан. Атырау (Гурьев) қаласындағы педагогикалық институтты тәмамдаған соң алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Қ.Пірімов ауылындағы мектеп интернатта тәрбиеші болып бастаған. 1990-2013 жылдар аралығында Әйтеке би кентіндегі «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер, 2013-2016 жылдары «Балапан» балабақшасында әдіскер болып еңбек атқарды. 2016 бастап бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы «Балапан», «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты. Талапшыл, іскер, еңбекқорлық қасиеттерінің арқасында өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді орындауда аса жауапкершілік танытып, әріптестерге деген адамгершілік қасиетімен ерекше өнегесін көрсетті. Халықтың ыстық ықыласына да бөлене білді. Бар саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан Айгүл Қайыржанқызын бүгінгі қуанышты күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілеймін, — деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Салтанатты жиында Айгүл Қайыржанқызына ауданымыздың ең жоғары марапаттарының бірі – «Құрмет грамотасы» табысталып, ұлттық дәстүрге сай камзол мен жаулық жабылды.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, білім және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ғабит Бәймішев, ҚР Білім беру ісінің үздігі Бибісара Есмағанбетова сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында Айгүл Қайыржанқызы мерейлі зейнет жасына орай арнайы қабылдап, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімі мен ел ағаларын шынайы ризашылығын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Шиелі ауданының әкімі: су ресурстарының жеткілікті әрі ұтымды пайдаланылу керек

Келесі мақала

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді

Оқи отырыңыз

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Әлеумет және экономика

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
Қоғам

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті жаңалықтар

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

0

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні қарсаңында өтіп жатқан шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейлі отбасыларды...

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
  • Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
  • Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі