• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі  Дәурен Тлеумбетовті жаңа қызметке шығарып салды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.06.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында әріптестері осы уақытқа дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлын Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты құрметпен шығарып салды.

Аудан басшысы Дәурен Оңғарбайұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік саланы жетілдіруге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Дәурен Оңғарбайұлы Қазалы ауданында дүниеге келіп, еңбек жолын 2009 жылы Қазалы аудандық «Қазалы» газетінде әдеби қызметкер ретінде бастап, 2011-2013 жылдары аталған газеттің жауапты хатшысы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, 2014-2017 жылдары «Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2017-2020 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2020 жылы Қазалы қаласы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары «Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2021 жылдан бастап бүгінге күнге дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді. 2024-2025 жылдары ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, «Бизнес және басқару» магистрі дәрежесін алды. Аудан әкімінің орынбасары ретінде ауданымыздағы білім, мәдениет, спорт, дін, қоғамдық даму салаларына жетекшілік жасады. Ауданымыздағы қоғамдық-саяси ахуалды жақсартуға еңбек етті. Қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жандандырды. Мемлекет басшысы қабылдаған маңызды саяси реформаларды ауданымызда іске асыру шараларын жоғары деңгейде үйлестірді. Соңғы 3 жылда елімізде өткен үлкен маңызды саяси науқандарды Президент, Парламент Сенаты, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауларын, Референдумдарды ауданымызда жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысты. Ауданымызда соңғы жылдары ҚР Үкіметі мен аймақ басшысының қолдауымен бой көтерген білім беру, спорт, тарихи-мәдени нысандардың қалыпты қызмет етуіне, мақсатына сай мазмұндық идеологиялық жұмыстардың жүргізілуіне қосқан зор еңбегін атап өтуіміз қажет», – деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Дәурен Оңғарбайұлына ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының Құрмет грамотасы табысталды.

Актив жиында «РЗА» акционерлік қоғамының президенті, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, Дәурен Тлеумбетовке сәттілік пен табыс тілеп, жаңа қызметімен құттықтады.

Жиын соңында сөз алған Дәурен Оңғарбайұлы өзіне сенім білдіріп, бірге қызмет атқарған әріптестеріне шынайы ризашылығын жеткізді. Қазалы ауданында еңбек еткен жылдары жинаған тәжірибе мен әріптестерінің қолдауы алдағы қызмет жолында үлкен демеу болатынын атап өтіп, ауданның өсіп-өркендеуі жолында бірге атқарған жұмыстар үшін аудан басшысы мен барша азаматтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, жаңа қызметте де ел мүддесіне адал қызмет етіп, өңірдің дамуына өз үлесін қоса беретінін айтты.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Келесі мақала

Аймақ басшысы қалалық саябақтың жұмыстарымен танысты

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі