• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан ойын алаңдарын аралап, Р.Сабырбаев көшеcіне жүргізілетін ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жол сапасына ерекше мән беруді және салаға жауапты орынбасарына жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

20.04.2026
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биыл аудан орталығындағы С.Сейфуллин, Біржан сал, Жалаңтөс батыр, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Сүлейменов сынды бірқатар көшелердің асфальт қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Бұған дейін аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі спорт алаңдарының жағдайымен танысып, жаңа нысандар салу және тозығы жеткендерін жөндеу жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Соған сәйкес, қазіргі таңда кентте 2 жаңа спорт алаңын салу, тағы да 2 алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстары басталуда.

Аудан басшысы жаңадан ашылған тұрғын үй аймақтарындағы А. Әсербаев пен Ж. Құдабаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жаңа спорт алаңын, Михайлюк көшесі бойындағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан спорт алаңын көрді. Жауапты мердігерлерге барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде, аяқтауды тапсырды. Жаңа ойын алаңдарын 1 маусымға дейін толық аяқтап пайдалануға беру керектігін ескертті. Сонымен қатар жаңа спорт алаңдарын бейнебақылау камераларымен жабдықтап, түнгі жарықпен қамтамасыз ету жөнінде кент әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан және В.Счастнов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында салынып жатқан қоғамдық әжетханалардың құрылысыменде танысты. Бұған дейін аталған үйлердің тұрғындары тарапынан тұрғын үйлердің қас беттерін жөндеу мен шатырын ауыстыру, қоқыс контейнерлерін қою, кәріз суын төгетін арнайы орындарды салу және қоғамдық әжетхана салу сынды мәселелер көтерілген болатын. Бүгінде тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен толықтай шешімін табуда.

Алдыңғы мақала

Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды

Келесі мақала

Жаңақорған ауданындағы актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі