• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 13 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес, кеше, яғни 3 мамыр күні Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

04.05.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сайлаудың қорытындысы бойынша «Аmаnаt» партиясынан ұсынылған кандидат Аман Бауыржан Толықболұлы басым дауысқа ие болып, Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш Бірлік ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен бірге Бауыржан Аманның қызметіне сәттілік тіледі.

– Ең басты мақсат — халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл өмірін жақсартуға бағытталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқару. Ауыл халқы өзіңізге үлкен сенім артып, сайлауда дауыс берді. Сондықтан округ тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуды, елді мекендегі әлеуметтік-саяси ахуалын тұрақты ұстауды, салалық мекемелермен тікелей байланыста болып, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді жүйелі атқарып, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды тапсырамын. Жұмысыңызға табыс, қызметіңізге сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Аудан басшысынан кейін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай Бауыржан Аманға ресми түрде әкім куәлігін табыс етті.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ордабай Түлегенов сөз сөйлеп, бұған дейін елді мекенде еңбек етіп келе жатқан азаматтың алдағы қызметіне сәттілік тілесе, ауыл ақсақалдары батасын берді.

Бауыржан Толықболұлы – 1980 жылы Қазалы адуанында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринариялық санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазалы аумақтық ветеринариялық басқармасының ветеринариялық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Қазалы аудандық аумақтық ветеринариялық инспекциясының жетекші маманы, бас маманы болып қызмет атқарған. 2015 жылдан бастап, «Қазалы аудандық ветеринариялық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бірлік ауылдық округі бойынша ветеринариялық пункт меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Келесі мақала

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Оқи отырыңыз

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Әлеумет және экономика

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
Қоғам

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті жаңалықтар

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

0

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні қарсаңында өтіп жатқан шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейлі отбасыларды...

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
  • Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
  • Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі