• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Қазалы: Чернобыль апаты құрбандарын еске алу шарасы өтті

Бүгін Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі «Тағзым» алаңында Чернобыль апатының аяқталғанына 40 жыл толуына орай апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алу шарасы өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

25.04.2026
in Оқиғалар
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан ардагерлері және Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан қазалылық азаматтар мен аудан жастары қатысты.

Батырларға тағзым ету іс-шарасы «Чернобыль» апатының құрбандарына арналып қойылған ескерткішке гүл қою рәсімімен басталып, құран бағыштаумен жалғасты.

Жиында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, сол кезеңдегі адамзат қауіпсіздігі үшін жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

-1986 жылғы 26 сәуірде, яғни осыдан 40 жыл бұрын Украйнадағы Чернобыль атом электр стансасы төртінші энергоблогында жойқын жарылыс болып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қасірет орын алды. Жарылыс салдарынан атмосфераға тараған радиоактивті заттар Украина, Беларусь және Ресей аумақтарымен қатар, Еуропаның көптеген елдеріне дейін жетіп, миллиондаған адамның өміріне қауіп төндірді. Сол бір сын сағатта, көзге көрінбейтін ажалмен бетпе-бет келген мыңдаған азаматтар апаттың зардаптарын жоюға жұмылдырылды. Чернобыль апатының салдарын жоюға біздің елімізден де 32 мыңға жуық адам аттанса, оның ішінде 25 қазалылық жерлестерімізде болды. Бүгінде ауданымызда Чернобыль апатына қатысқан 16 ардагеріміз ортамызда өмір сүруде. Бүгінгі шара – тек еске алу ғана емес, бұл – тағзым ету, құрмет көрсету, ерлікке бас ию күні.
Біз Чернобыль құрбандарын ешқашан ұмытпаймыз. Олардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады. Бейбіт еліміздің аспаны ашық, тыныштығы мәңгілік болғай, — деді аудан әкімі.

Мұнан кейін аудан басшысы Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан бірқатар азаматтар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына арналған арнайы төсбелгісімен марапаттады.

Шара соңында Чернобыль апатына қатысқан ардагер Жарылқасын Құрманов сөз алып, тарих беттерінде қалған ауыр кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, елімізге бірлік пен бейбіт өмір тіледі.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі полиция департаментіне жаңа 100 автокөлік табыстады

Келесі мақала

Сырдария: Ауылдардағы каналдардың механикалық тазалау жұмысы басты назарда

Оқи отырыңыз

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
Құқық

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда
Экология

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Өзекті жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
Құқық

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

0

Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметшінің жұмыс барысында ұстанатын моральдық және этикалық қағидаларының жиынтығы. Мемлекеттік қызметші әрдайым адалдық,...

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары
  • Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі