• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 16 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалы: Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты жиын өтті

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуге байланысты мәжіліс өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

25.04.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов, «Арал — Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Сейтқасым Әбуов, кент, қала және ауылдық округінің тиісті мамандары, шаруа қожалықтарының төрағалары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте барысында Сырдария өзеніндегі су тапшылығының салдарынан туындап отырған өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Аудан әкімі соңғы жылдары аймақта вегетациялық кезеңнің күрделі жағдайда өтіп жатқанын, соған қарамастан Мемлекет басшысы мен Үкіметтің, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауының арқасында салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Су тапшылығы жағдайларының орын алуы ауыл шаруашылығы саласына, әсіресе суармалы егіншілікке кері әсерін тигізіп жатқандығын, биылғы вегетациялық кезеңнің де күрделі өту қаупі бар екені атап өтті.

Жиында аудан бойынша өткен жылғы және биылғы егіс көлемдері нақтыланып, негізгі дақыл – күріштің көлемі, өнімділігі және алдағы жоспарлар баяндалды. Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, егіс алқаптарын әртараптандыру, лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізу мәселелері де кеңінен талқыланды.

Ауданға арнайы жұмыс сапырмен келген салалық мекеме өкілдері вегетация кезеңіне дайындық барысы, су жеткізу жүйесінің жағдайы және тарифтік саясат бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаруалардың сұрақтарына жауап берді.

Мәжілісте аудан басшысы егіс алқаптарына берілген су үшін бірқатар шаруашылықтардың берешегі бар екенін айтып, төлем тәртібін сақтау қажеттігінде ескертті. Алдағы егіс науқанын сапалы әрі уақытылы өткізу үшін барлық жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы техникаларын толық дайындыққа келтіруді және су үнемдеу шараларын күшейтуді міндеттеді.

Су тапшылығын ескере отырып, суды аз қажет ететін дақылдардың үлесін арттыру, күріш көлемін кезең-кезеңімен қысқарту арқылы егіс құрылымын оңтайландыру қажеттігінде атап өтті.

Айта кетейік, биылғы жылы аудан бойынша 17 257 гектарға егін дақылдарын егу межеленген. Оның ішінде басты дақылымыз — күріш дақылы 5 400 гектарға, жаздық бидай 340 гектарға, арпа 60 гектарға, дәндік жүгері 500 гектарға, майлы дақылдар (мақсары) 316 гектарға, мал азығы дақылдары 8348 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2293 гектарға егу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Алдыңғы мақала

“Таза Қазақстан”: Сырадария ауданында мың тал егілді

Келесі мақала

Шиеліде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

Оқи отырыңыз

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
Мәдениет

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Өзекті жаңалықтар

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

0

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы коммуналдық сала мамандарын құттықтап, олардың қаланың тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір...

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
  • «Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі