• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Қазалыда теміржол тарихында өзіндік орны бар іргелі мекеме №60 Қазалы жол дистанциясының 120 жылдығына арналған «Ғасырдан да ұзақ жол» атты мерейтойлық салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.07.2025
in Мәдениет
0
502
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, теміржолшыларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен және № 60 Қазалы жол дистанциясының ұжымын 120 жылдық мерейтойымен құттықтады.

-Қазалы ауданының теміржол саласының тарихы тым тереңде жатыр. Ел экономикасының «күре тамыры» саналатын бұл саланың стратегиялық маңызы, ел алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Ел тарихындағы бұл алғашқы темір жолдың аудан үстінен қиып өтетіні қазалылықтар үшін де зор мәртебе. 1905 жылдан бастап теміржол бойында жұмыс жасап келе жатқан іргелі мекеме №60-шы Қазалы жол дистанциясының құрылғанына биыл 120 жыл толып отыр. Бүгінде Қазалы жол дистанциясы Аралқұм станциясынан Жалағаш ауданындағы Қаракеткен станциясына дейінгі аралықта теміржолдарға күнделікті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамай, еселі еңбектің көркін қыздырып, ел экономикасын еселеуге үлкен үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз, — деді Жалғас Оңғарұлы.

Мерекелік шара барысында Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары марапат төрінен көрініп, оларға облыс және аудан әкімінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының «Алғыс хаттары» табысталды. Сондай-ақ №60-шы Қазалы жол дистанциясының зейнеткері Марат Ахметуллаевқа Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен бірқатар мекеме қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Мұнан соң Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы Қызылорда магистралдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебек пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов сөз сөйлеп, №60-шы Қазалы жол дистанциясының 120 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары теміржолшыларға әсем ән мен керемет қойылымдарын арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Келесі мақала

Үкімет Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді

Оқи отырыңыз

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Мәжілісте өңдеу өнеркәсібі мен “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

0

Кездесу барысында өскелең ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы жауапкершілік қағидаларын нығайту...

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі