Іс-шара барысында орман қоры аумағында өрттің алдын алу, табиғи аумақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтау, отты абайсыз қолданудың салдары жөнінде тұрғындарға түсіндірілді.
Сонымен қатар, азаматтарға құрғақ шөптер мен қоқыстарды өртемеу, орман алқаптарында ашық от жақпау қажеттігі ескертілді.









