• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы: Тыл ардагерін 90 жас мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Сарбұлақ ауылындағы халықпен өткен кездесуден кейін ауданымыздың дамуына зор үлес қосқан тыл ардагері, көп балалы ардақты ана Ажар Байсалованың шаңырағына барып, 90 жас мерейтойымен құттықтады,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

12.06.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесу барысында аудан әкімі мерейтой иесіне Қазалы ауданының ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасын» табыстап, камзол мен жаулық жауып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, ақжарма тілегін жеткізіп, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасының амандығын тіледі.

Ажар Байсалова 1936 жылы дүниеге келіп, қиын-қыстау кезеңдерде ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен жандардың бірі. Жастайынан еңбекке араласып, өмірдің талай сынағынан сүрінбей өтті. Ақсуат ауылының тумасы Байсалов Жанділдамен шаңырақ көтеріп, Қазалы қаласына қоныс аударған соң балық зауытында еңбек жолын бастады. Арнайы мамандығы болмаса да, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында ұжым арасында сый-құрметке бөленіп, зауыттың «Құрмет тақтасынан» түспеген. Бір мекемеде табан аудармай 30 жыл еңбек етіп, 1986 жылы зейнеткерлікке шықты.

1989 жылы Сарбұлақ ауылына қоныс аударған соң да еңбек жолын тоқтатпай, жолдасымен бірге мал шаруашылығына араласып, шопанның сенімді көмекшісі болды. Саналы ғұмырын туған жердің өсіп-өркендеуіне арнаған Ажар ана – нағыз еңбек адамының жарқын үлгісі.

Ажар ана – тек еңбек майданының ардагері ғана емес, берекелі әулеттің алтын діңгегі. Жолдасымен бірге 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, барлығын өмірден өз орнын табар азамат етіп жеткізді. Бүгінде 25 немере, 41 шөбере және 1 шөпшек сүйіп отырған ардақты әже ұрпағына өнеге, әулетіне тірек болып отыр.

 

Алдыңғы мақала

Сырдария: Су жеткізу қызметінің тарифі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Сырдария ауданы әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі