• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Жанқожа батыр ауылы табиғи газға қосылды

Бүгінде Қазалы ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, 2024 жылы Абай ауылының тұрғындары көгілдір отынның қуанышына кенелсе, 2025 жылы Ақтан батыр ауылы газға қосылды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ал өткен жылы ауданға қарасты Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына магистральды газ желілері жүргізілген болатын. Бүгінде магистральды газ құбырларын тарту жұмыстары толықтай аяқталып, елді мекендерде орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталуда.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Жанқожа батыр ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шара өтті.

Жиында сөз алған аудан басшысы бұл жобаның ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады.

-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Ауыл – ел бесігі. Ауылдарды дамыту – мемлекеттің стратегиялық басымдығы» екенін атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, соның ішінде газ, су, жол мәселелерін шешу – басты міндеттердің бірі екенін нақты тапсырған болатын. Сыр өңірінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ерекше қолдауымен, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында кезең-кезеңімен ауқымды жобалар жүзеге асып келеді. 2026 жылға аймақ басшысының қолдауымен Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгін міне, елді мекендерге орамішілік газ жүргізу жұмыстары басталуда.
Жалпы жыл соңына дейін аудан бойынша елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта Жанқожа батыр ауылы толыққанды көгілдір отынға қосылғаннан кейін, елді мекендегі 280 тұрғын үй мен 9 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылып, 1600-ге жуық тұрғын көгілдір отынның қуанышына кенелмек. Тағы да ауылдағы кәсіпкерлік нысандар табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Осындай қуанышты сәтте баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ел игілігі жолындағы жұмыстарымыз берекелі болсын! Ауылымызға құт-береке, әр шаңыраққа жылу мен жайлылық тілеймін!, — деді аудан әкімі.

Аудан басшысынан кейін «Құрмет» орденінің иегері, облыстық маслихат депутаты Ибайдулла Тілеп пен Қазалы ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Берік Бисембаев сөз сөйлеп, жанқожалықтарды көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

Мұнан кейін, шараға жиналған ел ағалары, ауыл тұрғындары елді мекенге орамішілік газ желілерін бастау жұмыстарына куә болып, ауыл ақсақалы Қожас Медеубай игі іске ақ батасын беріп, басталған істің берекелі болуына тілегін білдірді.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі су айдары бөгеттерін жөндау жұмыстарымен танысты

Келесі мақала

Қазалы: Басықара тоғанындағы балық шабақтары жазғы тоғанға жіберілуде

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі