• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов денсаулық сақтау саласының ардагерлері Құбыл Ршымбетов, Болат Сәдуов және Омарғали Басымбеков сынды азаматтармен кездесті, - деп хабарлайды  "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

18.11.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз
Кездесуде аудан әкімі өңірде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен медицина саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар жайында айтып өтті.
— Өздеріңіз білесіздер, аудандағы денсаулық сақтау саласында елдің игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұған дейін ауданымыздағы Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, биыл ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан халқына жоғары және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталықтың құрылысы желтоқсан айының екінші онкүндігінде аяқталатын болады. Жоба бойынша онда бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылып, тиісті мамандардың білімі жетілдірілмек. Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркін жаңару мақсатында 25 санитарлық автокөлік алынып, бүгінде халыққа сапалы қызмет етуде. Әрине, мұның барлығы аймақ басшысының денсаулық сақтау саласының дамуына көрсеткен үлкен қолдауының нәтижесі, — деді аудан әкімі.
Алмасбек Әбілқасымұлы сала ардагерлерімен кездесу барысында Қазалы ауданының Құрметті азаматы, медицина саласының ардагері Құбыл Ршымбетовті 77 жасқа толған төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ үлкенге құрмет көрсетудің, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылы 50 жыл бойы өңірдің медицина саласында қалтқысыз қызмет атқарып, адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген ардақты азамат Құбыл Ршымбетұлына — Президент Жарлығымен Сыр өңірінің медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталған болатын.
Басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен медицина саласының ардагерлері Болат Сәдуов саладағы оң өзгерістер, халықтың денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға алғыстарын жеткізіп, мереке иесіне ізгі тілектерін жеткізді.
Алдыңғы мақала

«Өзгенің өмірі мен денсаулығын бәрінен жоғары қойған» -Әлназарова көз жұмған фельдшер туралы жазба жариялады

Келесі мақала

Облыс әкімі Сырдария ауданының азаматтарын жеке қабылдады

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі