• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалыда Астана күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында 6 шілде – Астана күніне орай салтанатты мерекелік шара өтті. Қазалы мәдени-демалыс кешенінде өткен мерекелік жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

10.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

— Астана күні – елдігімізді айшықтап, бірлігімізді бекемдей түсетін, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жарқын келешегін айқындайтын айтулы мереке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін», – деп ерекше атап өткен болатын. Астанаға қарап еліміздің барлық өңірі бой түзеп, жаңа даму жолына қадам басты. Осы орайда біздің Қызылорда облысы мен қасиетті Қазалы ауданы да жылдан-жылға жаңарып, көркейіп келеді.

Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің басшылығымен ауданымызда айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асуда. Бүгінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл – әділдік пен заң үстемдігін, жауапкершілік пен ашықтықты басты құндылық ретінде орнықтыруға бағытталған тарихи кезең. Осы ретте, биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының маңызы ерекше. Қазақ халқында «Береке бар жерде – бірлік бар, бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Шынында да, ынтымақ пен татулық салтанат құрған жерде ғана тұрақтылық орнығып, даму мен өркендеу болады.

Ендеше, халқымыздың бірлігі бекем, ынтымағы жарасымды болсын!

Арқа төсіндегі айбынды Астанамыздың абыройы асқақтап, мерейі арта берсін!

Президентіміз айқындаған Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды бірге құру жолындағы игі бастамаларымыз табысты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, көк Туымыз мәңгі желбірей берсін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлері азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ Астана күні мерекесінде 18 жасқа толып жатқан белсенді жас Ернұр Саматұлына аудан әкімінің Құттықтауы мен арнайы сыйлығы табысталды.

Мерекелік шара әрі қарай аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиылған жұртшылық мерекелік көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Алдыңғы мақала

Домбыра мұрасын дәріптеген танымдық көрсетілім

Келесі мақала

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Оқи отырыңыз

Тәртіп – қызметтің тірегі
Құқық

Тәртіп – қызметтің тірегі

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

Өзекті жаңалықтар

Тәртіп – қызметтің тірегі
Құқық

Тәртіп – қызметтің тірегі

0

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, саптық жиын барысында қызметкерлердің саптық жүрісі, сыртқы келбеті және қызметтік тәртіпті сақтау...

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Тәртіп – қызметтің тірегі
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі