• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалыда егін егу маусымына дайындық пен су тапшылығы мәселесі талқыланды

Қазалы ауданында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың қатысуымен Сырдария өзеніндегі су тапшылығы мәселесі мен алдағы жылғы егін егу маусымының барысына байланысты арнайы мәжіліс өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

27.11.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжіліске ауданға жұмыс сапарымен келген «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің директоры Шухрат Құрбанов және «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі Нұржан Жаналиев қатысты.

Жиында вегетациялық кезеңде аудандағы суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың жағдайын, биылғы егін егу жұмыстарынның нәтижесімен келер жылғы егін егу кезеңіндегі жоспарланған жұмыстар жайында айтып өттім.

Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ауданға арнайы келген Талғат Дүйсебаев, Нәжмадин Шамұратов, Шухрат Құрбанов сөз сөйлеп, егістікті суармалы сумен қамтамасыз ету, биылғы жылғы Сырдария өзеніндегі судың тапшылығы, егісті әртараптандыру жұмыстарын қолға алу, оның ішінде күріштің орнына су аз қажет ететін дақылдарға, жүгері, мақсары және өзге де балама егістерді қолға алу керектігін жеткізді.
Сонымен қатар «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің директоры Қасқырбай Әлімбай аудандағы егін шаруашылықтарының жағдайы жайында сөз қозғады.

Мемлекет басшысының егін шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу аса маңызды екенін атап өткен болатын. Осы орайда, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеудің бір жолы – егіс алқаптарын әртараптандыру екені белгілі. Алдағы вегетациялық кезеңге дайындықты қазірден бастап, көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, тыңайтқыш және техниканы толықтай әзірлеу қажет. Су көздерін тиімді пайдалану, арналарды тазалау мәселелері де күн тәртібінен түспеуі тиіс. Осы мәселелерге байланысты тиісті сала басшылары мен барлық шаруашылық басшыларына нақты жоспармен жұмыс жасап, аграрлық саланың тұрақтылығын қамтамасыз етуде бірлесе әрекет етуге шақырдым. Сонымен қатар, осы мәселелер бойынша ауданға арнайы келіп, шаруаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқан басқарма басшысы мен азаматтарға аудан жұртшылығының атынан алғысымды жеткіздім.

Алдыңғы мақала

Гандболдан облыс чемпионатының XII айналымы өз мәресіне жетті

Келесі мақала

Инвестициялық жобалар – аудан экономикасын көтерудің негізгі тетігі

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі