• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалыда егіс даласына алғашқы дән себілді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ақтан батыр ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының егіс алқабына барып, биылғы жылдың алғашқы дән себу іс-шарасына қатысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Егіс даласында өткен жиында аудан басшысы аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, шаруашылық құрылым басшылары, ауылдық округ әкімдері және еңбек ардагерлерімен бірге ақсақалдардың батасын алып, алқапқа алғашқы дән сеуіп, диқандарға сәттілік тіледі. Ел қамбасының астыққа толуын, мол өнім алуды тілеп, шаруа азаматтарының еңбегі нәтижелі болуына тілектестігін білдірді.

Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыштар, өсімдік қорғау құралдары және озық техникалар көрмесімен танысты.

Егіс алқабында өткен жиын «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты. Жиында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов көктемгі егіске дайындық барысы туралы, ал «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбілдаев шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы хабарлама жасады.

Жиында сөз алған аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы айрықша маңызын атап өтіп, егіс науқанының сапалы әрі дер кезінде орындалуы – жыл бойғы еңбектің нәтижесіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

– «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген қағиданы берік ұстануымыз керек. Бүгінгі атқарылып жатқан әрбір жұмыс – ертеңгі мол өнімнің негізі. Сондықтан барлық шаруашылықтар агротехникалық талаптарды қатаң сақтап, белгіленген мерзімдерден кешікпеуі қажет, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі су тапшылығы жағдайында суды үнемдеу технологияларын енгізу, егіс құрылымын әртараптандыру және ауыл шаруашылығын заманауи бағытта дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Малдың егістік алқаптарға түсуінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және ауыл әкімдіктері мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысын күшейту мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, аудан диқандары биыл 17 257 гектарға егін дақылдарын егуді жоспарлаған болса, бүгінде 340 га жаздық бидай, 316 га мақсары, 60 га жаздық арпа, 2293 га жаңа жоңышқа егуді толық аяқтап, 5300 га ескі жоңышқаны тырмалап, суғарып, негізгі дақыл 5400 га – күріш егісінің дайындығына кірісіп кетті.

Алдыңғы мақала

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Келесі мақала

Алмасбек Есмаханов: Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысан

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі