• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда «көк байрағым, желбіре!» атты фестиваль-концерт өтті

Қазалы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Қазақстан Композиторларының «Көк байрағым, желбіре!» атты фестиваль-концерті өтті деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

26.04.2026
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен концертте ҚР Композиторлар Одағының құрметті төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Балнұр Балғабекқызының, ҚР Композиторлар Одағының басқарма мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері», Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің директоры, аудандық мәдениет орталығының жанындағы аудандық «Мырза» атындағы халық аспаптар оркестрінің және «Қорқыт сазы» ансамблінің көркемдік жетекшісі Сәукен Әлмамбетұлының және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, облыстық филармония жанындағы Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Руслан Серікқалиұлының таңдаулы туындыларын «Мырза» халық аспаптар оркестрі орындады.

Фестиваль-концертте өнер майталмандарының «Бөрілі менің байрағым», «Ақтайлақ», «Концерттік вальс», «Алтай-Атырау арасы», «Туған жерім — Күреңбел», «Қырғыз күй», «Сыр шертпе», «Қазақ елі» толғауы, «Дала үні», «Ұлы дала қыпшақтары» сынды шығармалары қазалылық көрерменге ұсынылды.

Кеш соңында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, ежелден өнер қонған қасиетті Қазалы жерінде ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткізіліп жатқан концерттің ұйымдастырушыларына және «Мырза» халық аспаптар оркестрінің ұжымына аудан жұртшылығының атынан шынайы алғысын жеткізді.

ҚР Композиторлар Одағының құрметті төрағасы Балнұр Балғабекқызына аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың «Алғыс хатын» табыстап, иығына камзол мен жаулық жауып сый-құрмет көрсетті. Концерттік кеште Сәукен Әлмамбетұлы мен кештің дирижері Руслан Серікқалиұлы да жиылған жұртшылықтың зор қошеметіне бөленді.

Еліміздің ең қастерлі құндылығы – Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына арналған ауқымды мәдени шара – ұлттық өнеріміздің мәңгілік екенін, рухани құндылықтарымыздың ешқашан өлмейтінін айшықтайтын тағылымды кеш болды.

Алдыңғы мақала

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Келесі мақала

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі