• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда конституция күніне орай салтанатты шара өтті

Бүгін Қазалыда еліміз үшін ең қастерлі, ұлық мереке 30 тамыз – Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік шарада алдымен еліміздің ұлттық нышаны мемлекеттік Ту кіргізіліп, Әнұран шырқалды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.08.2025
in Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.

— Ата заңымыз – егемен еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттайтын тарихи құжат. Мұнда мемлекетіміздің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың мақсат-міндеттері көрсетілген. Ел тарихындағы маңызды құжат — Ата Заңымыз қабылдағаннан бері елімізде тарихи мәні зор талай іргелі істер атқарылып, дамудың даңғыл жолында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Елімізбен бірге киелі Сыр өңірі, оның ішінде Қазыналы Қазалы ауданында да аудан халқының игілігіне бағытталған айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асуда. Айтулы мереке қарсаңында өздеріңізге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Ынтымақ атты ыстық ұғымды қастерлеген халқымыздың ырысы арта берсін, – деді Жалғас Оңғарұлы.

Мұнан соң мерекелік шарада ауданымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімі мен аудан әкімінің міндетін атқарушының «Алғыс хаттармен» марапатталды. Сонымен қатар мерекеге орай еңбек ардагері Ақжолан Балымбетовке ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, Бозкөл ауылдық округінің әкімі Ақылбек Бөлебаевқа «Мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосқаны үшін» төсбелгісі табысталды.

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық әндер шырқалды.

Айта кетейік, осыдан 30 жыл бұрын республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Міне содан бері ел өміріндегі саяси әрі аса маңызды құжат саналатын Ата Заңымызға биыл 30 жыл толып отыр.

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Адал ұрпақ, білімді жас, кемел келешек» атты алқа отырысы өтті

Келесі мақала

2026 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш пен зейнетақы өседі

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі