• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 10 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыдағы музейге Жанқожа батырдың қылышының көшірмесі қойылды

Бүгінде ұлт намысын ту еткен халқымыздың даңқты батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзі тірісінде қолданған қасиетті қылышы ҚР Ұлттық музей қорында сақтаулы тұр. Бүгін тарихи құнды жәдігердің көшірмесін баба ұрпақтары арнайы жасатып, батырдың туған өңірі Қазалыдағы аудандық музейге әкеліп тапсырды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

11.09.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Руханият» орталығындағы аудандық музейде өткен «Ұлы ерлікке тағзым: Жанқожа батырдың қылышы – ұрпақ аманаты» атты тарихи-танымдық шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және баба ұрпақтары қатысты. Шара басталмас бұрын алдымен қонақтар Жанқожа баба кесенесіне барып тағзым етіп, баба рухына арнап құран бағыштады.

Аудандық музейде өткен тағылымды шараны Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, батыр бабаның ұстаған қасиетті қылышын ел жадына, ұрпақ санасына аманаттау рәсіміне арналған тарихы мол танымдық шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ «Бұл — тек бір жәдігерді тапсыру емес, бүтін бір ұлттың ерлік рухын құрметтеу. Тарихи шежіренің көшірмесін жасатып, батырдың туған өңіріне жеткізіп тапсырып жатқан ұрпақтарына шынайы алғысымызды жеткіземіз», — деді Жалғас Оңғарұлы.

Мұнан кейін ауданның өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан еңбек ардагері Берік Бисембаев пен батыр бабаның ұрпағы Алғашбай Байкөбеков сөз сөйлеп, Жанқожа Нұрмұхамедұлының өзі қолданған қылышының көшірмесін жасатып әкелу тек баба ұрпақтарының ғана емес, осында жиналған барша қауымның еңбегі екенін атап өтті.

Шара барысында Жанқожа баба сияқты ұлы тұлғалардың өмір жолын зерттеп, кеңінен насихаттау арқылы халықтың рухани байлығын арттырып келе жатқан аудан тарихшыларыда сөз сөйлеп, бабаның өмір жолы жайлы деректерді көпшілікке жеткізді.

Мұнан соң батыр бабаның қылышын ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері экспозицияға қойып, шараға жиналған жұртшылық құнды жәдігердің көшірмесін тамашалады.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық музей қорында сақтаулы тұрған батыр бабаның қылышы алдымен украиналық іздеуші мамандардың қолына түскен. Кейін Ресейде арнайы сараптамадан өткізіліп, оны Қазақстан азаматтары сатып алып, Ұлттық музейге табыстаған. Қылышты Жанқожа Нұрмұхамедұлына Кенесары хан сыйға тартқан делінеді. Батыр оны жауға қарсы шайқаста өзі қолданған. Жәдігердің екі жағында арабша жазу бар. Бірінде «Жанқожа Нұрмұхамедұлы баһадүрге саурат (сыйлық)», екіншісінде «Созақ, 1845 жыл» деп жазылған.

Алдыңғы мақала

Жаңа салық кодексін түсіндіру мақсатында семинар өтті

Келесі мақала

Қазалыда тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Оқи отырыңыз

Өнер орталығында  Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті
Өнер

Өнер орталығында Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті

Көркем сөзбен кестеленген кеш
Құқық

Көркем сөзбен кестеленген кеш

Мекеме қызметкерлері Мұқағали мұрасын дәріптеді
Құқық

Мекеме қызметкерлері Мұқағали мұрасын дәріптеді

Безбүйрек ана екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Қоғам

Безбүйрек ана екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Безбүйрек ана екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Шетелдік блогерлер қамауға алынды

Кәмелетке толмаған қызылордалық түнгі клубта азот оксиді құйылған шар сатқан

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады!

Кәсіби бағдар — келешек кепілі

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Өзекті жаңалықтар

Өнер орталығында  Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті
Өнер

Өнер орталығында Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті

0

Ұлттық музыка кешін️ «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, (Көркемдік жетекшісі – Айдар Мақсұтұлы) «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, (Көркемдік жетекшісі...

Көркем сөзбен кестеленген кеш

Көркем сөзбен кестеленген кеш

Мекеме қызметкерлері Мұқағали мұрасын дәріптеді

Мекеме қызметкерлері Мұқағали мұрасын дәріптеді

Безбүйрек ана екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Безбүйрек ана екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Шетелдік блогерлер қамауға алынды

Шетелдік блогерлер қамауға алынды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Өнер орталығында Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті
  • Көркем сөзбен кестеленген кеш
  • Мекеме қызметкерлері Мұқағали мұрасын дәріптеді
  • Безбүйрек ана екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
  • Шетелдік блогерлер қамауға алынды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі