• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесіне байланысты іс-шара өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Алимбаев, бөлім басшылары мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

17.12.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

– Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамда қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз ететін негізгі құқықтық принципі. Заң үстемдігіне негізделген тәртіп бойынша қоғамдағы барлық әрекет пен шешім заңға сүйеніп жүзеге асырылады» деп атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда белгіленген нормаларды, заңдылықты орындау міндетті. Қоғамда заң талаптарын сақтау арқылы ғана тыныштық пен тәртіп орнайтыны белгілі. Бүгінде елімізде заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылық профилактикасы мен халыққа қызмет етуге екпін бере отырып, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделінің тиімділігін арттыру болып саналады. Аталған іс-қимыл жоспары негізінде «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама құқық бұзушылықтың азаюына, жастар тәрбиесі мен қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына оң әсерін тигізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аудандағы мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тынымсыз қызмет атқарып келеді, – деді Берік ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

«Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы бойынша аудан прокуроры Абай Алимбаев сөз сөйлеп, облыстық прокуратурамен қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде, ауданда алкогольден бас тартқан елді мекендерде қылмыс саны азайғанын жеткізді. Осыған орай, бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері «Алғыс хатпен» марапатталды.

Іс-шара қорытындысында аудан әкімі мемлекетіміздің заңдарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту баршамызға ортақ міндет екеніне тоқталып, бұл бағытта жергілікті атқарушы билік, құқық қорғау органдары және қоғам бірлесе жұмыс атқаруы қажеттігін жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Тоғыз жылдағы табанды із

Келесі мақала

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі