• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 4 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»

Қызылорда облысында «Есірткіге – жоқ деп айт!» тақырыбында билбордтар байқауы қорытындыланды.

04.05.2026
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған іс-шара Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастыруымен өтіп, халық арасында нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, әсіресе жастарға ерекше назар аудара отырып жүзеге асырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында психоактивті заттарды тарату мен қолдануға деген теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау болды. Байқау барысында қатысушылар өз жұмыстарында денсаулықтың құндылығын, жеке жауапкершілікті және есірткісіз өмірді саналы түрде таңдаудың маңыздылығын көрсетуге тырысты.
Байқауға Қызылорда облысының білім беру ұйымдары қатысты. Әрбір оқу орны ұсынылған тақырыпты ашатын авторлық билбордтарын ұсынды. Жұмыстар креативтілігімен, әлеуметтік маңыздылығымен және өзектілігімен ерекшеленіп, оқушылар мен студенттердің қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге белсенді қатысуын көрсетті.
Дайындалған билбордтар оқу орындарының сыртқы қабырғаларына орналастырылып, кең аудиторияға қолжетімді болды. Олар тек оқушылар мен студенттердің ғана емес, қала тұрғындарының, сондай-ақ өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің назарын аударып, қоғамда есірткіге қарсы үндеуді кеңінен таратуға ықпал етті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: бірінші орын – Қызылорда қаласындағы №144 орта мектеп, Жалағаш ауданындағы №115 орта мектеп, Шиелі ауданындағы №244 орта мектеп, Жаңақорған ауданындағы №239 орта мектеп және Қармақшы ауданындағы №269 орта мектеп. Екінші орын – Қармақшы ауданындағы №111 орта мектеп, Жаңақорған ауданындағы №221, №52, №169 орта мектептер, Шиелі ауданындағы №49 орта мектеп. Үшінші орын – Шиелі ауданындағы №50 және №45 мектеп-гимназия, Арал ауданындағы №260 орта мектеп, Қазалы ауданындағы №234 орта мектеп және Жаңақорған ауданындағы №256 орта мектеп.
Аталған байқау жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және есірткі заттарының зияны туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Байқаудың қорытындылануы өңірде салауатты қоғам қалыптастыру және есірткіге қарсы мәдениетті нығайту бағытындағы кешенді жұмыстардың маңызды кезеңіне айналды.

Алдыңғы мақала

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Оқи отырыңыз

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
Қоғам

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті
Мәдениет

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы
Құқық

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу
Құқық

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Аймақ басшысы «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Сырдарияда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қазалыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті

Тасбөгет кентінде жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Өзекті жаңалықтар

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»
Құқық

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»

0

Аталған іс-шара Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастыруымен өтіп, халық арасында нашақорлық пен...

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»
  • Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
  • Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті
  • Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы
  • Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі