• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 6 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Қостанайда даму ерекшелігі бар жасөспірімді үтікпен күйдірген тәрбиеші сотталды

Қостанайдағы арнайы орталықта ерекше қажеттілігі бар жасөспірім қызды үтікпен күйдірген тәрбиешіге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

15.08.2025
in Оқиғалар
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қостанайдағы даму ерекшеліктері бар балаларға арналған әлеуметтік орталықтың қызметкері 16 жастағы тәрбиеленушісі Дарьяға үтік басып алған.

Тәрбиешінің ісі кәмелетке толмағандар істері бойынша облыстық сотта қаралды. Айыпталушыға кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні тәрбиелеу міндетін орындамау және қорғансыз күйдегі жасөспірімге қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру бойынша айып тағылды.

Сараптамаға сәйкес, қыздың денесіндегі үтіктен қалған күйік – жеңіл дене жарақаты болып есептелді. Дегенмен, мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Бұл талапқа зардап шегушінің өкілі де қосылды.

Қостанай облыстық сотының хабарлауынша, айыпталушы сотта кінәсін толық мойындағандықтан іс қысқартылған тәртіппен қаралған.

«Сотқа жеңілдетуші жағдайлар ретінде айыпталушының шын жүректен өкінгені және қарауында кәмелетке толмаған баласының болуы есепке алынды. Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, сондай-ақ педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға үш жылға тыйым салынды», – делінген сот хабарламасында.

Жазаны өтеу мерзімінде пробациялық бақылау енгізілді. Сонымен қатар, сотталушы жазаның толық мерзімі бойы мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Stan.kz

Фото: ironingteam.co.uk

Алдыңғы мақала

Денсаулық сақтау саласы бойынша тұрғындардың өтініш-тілектер тыңдалды

Келесі мақала

Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмған

Оқи отырыңыз

Қазалының ырысы — қала төріндегі жәрмеңке сөресінде
Қоғам

Қазалының ырысы — қала төріндегі жәрмеңке сөресінде

Салаға бағыттаған нық ниет
Құқық

Салаға бағыттаған нық ниет

Сақтыққа шақырған сабақ
Құқық

Сақтыққа шақырған сабақ

Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды
Саясат

Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Ауғанстан билігі өлім жазасына кесілген ер адамды 13 жастағы жасөспірімге атқызған

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

“Миы шайқалған”. Студент қызды қатарластары колледж дәретханасында ұрып, тепкен

Заң мен тәртіп қағидаты

Өзекті жаңалықтар

Қазалының ырысы — қала төріндегі жәрмеңке сөресінде
Қоғам

Қазалының ырысы — қала төріндегі жәрмеңке сөресінде

0

Атап айтқанда: 15 тонна күріш, 73 тонна бақша өнімдері, 4,5 тонна сүт өнімдері, 8,5 тонна балық, 5,1...

Салаға бағыттаған нық ниет

Салаға бағыттаған нық ниет

Сақтыққа шақырған сабақ

Сақтыққа шақырған сабақ

Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды

Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазалының ырысы — қала төріндегі жәрмеңке сөресінде
  • Салаға бағыттаған нық ниет
  • Сақтыққа шақырған сабақ
  • Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды
  • «Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі