• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалыда құрылысшылар күні аталып өтті

Бүгін Қазалы ауданында тамыз айының екінші жексенбісі - Құрылысшылар күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

11.08.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шараға құрылыс саласының ардагерлері, сала мамандары мен еңбек адамдары қатысты.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандары мен ардагерлерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбектері жайында сөз қозғады.

-Құрылысшы – қоғамдағы ең қадірлі, ең жасампаз мамандықтардың бірі. Қазыналы Қазалы өңіріндегі құрылыс шежіресінің тамыры тереңде жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Құрылыс секторы — ұлттық экономиканың өркендеуіне тікелей әсер ететін маңызды сала. Сапалы инфрақұрылым құру және халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету — біздің мемлекеттік саясатымыздың басты басымдығы. Бұл бағытта құрылысшылардың еңбегі орасан зор», — деп атап өткен болатын. Бүгінде өңірімізде Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Қазалы ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі биыл есепті кезеңде 7,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,2 пайызға өсті. Биыл жыл басынан бері 398,5 млн. теңгеге Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені, 1,3 млрд. теңгеге теміржол вокзал жанындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір, Әйтеке би кентіндегі «Мәдени-демалыс кешені» мен Қожабақы ауылынан спорт кешендерінің құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. 125 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалы да күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде аудан халқы жаңа нысандардың игілігін көруде. Құрылыс тек үй салумен шектелмейді. Ол — өңірдің қан тамыры іспетті автожолдар жүйесі, су, газ және жылу желілері. Аудандық маңызы бар, елді мекен ішілік жолдарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар ерекше бақылауда. Осы нысандардың әрбір кірпішін қалап, ел игілігіне беріп жатқан Сіздер, құрметті құрылысшылар. Сіздерге сарқылмас қуат, отбасыларыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық тілеймін! Салған ғимараттарыңыз берік, еңбектеріңіз табысты болсын! Еліміздің іргесі нық болып, қалаларымыз бен ауылдарымыз көркейе берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті құрылысшылар, — деді аудан әкімі.

Мерекелік шара барысында құрылыс саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ел игілігіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапат төрінен көрінді.

Атап айтқанда, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен «KZ Сапа Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ниязов Марат Мінәжатұлы,

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен құрылыс саласының ардагері Бисенов Жоямерген Бисенұлы марапатталды.

Сонымен қатар, құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосып, өз ісіне жауапкершілікпен қарап жүрген бірқатар сала мамандарына Қызылорда облысы әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, аудан әкімінің және облыстық құрылыс басқармасының Алғыс хаттары табысталды.

Жиында «Құрмет» орденінің иегері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, «РЗА» акционерлік қоғамының президенті, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай және бірқатар құрылыс саласының ардагерлері сөз сөйлеп, кейінгі буынға ізгі тілектерін жеткізді.

Мерекелік шара барысында сала ардагерлеріне аудан әкімінің атынан арнайы мерекелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік жиын әрі қарай аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, өнерпаздар қауымы құрылысшыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше мерекелік кеш тарту етті.

 

Алдыңғы мақала

Қазалыда «хакім Абайдың аманаты» атты әдеби-сазды кеш өтті

Келесі мақала

Мәжілісте мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі