• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қызылорда облысында тау-кең байыту комбинатының құрылысы басталды

Бүгін Қылыорда облысының Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде «Liaoning Hongda Group» компаниясы «Бурабай-Жалғызағаш» тау-кен байыту комбинатының құрылысы ресми түрде басталды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Liaoning Hongda Group» компаниясының бас директоры Тан Цзюган қатысты, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

31.08.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Рәсімде аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа өндіріс орны өңір экономикасына тың серпін беретінін атап өтті.

«Комбинат құрылысының басталуы – Сыр өңірі үшін тарихи оқиға. Бұл – облысымыздың индустриялық дамуына жаңа серпін, экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жоба.

Осындай ауқымды әрі заманауи жобаны аймағымызда жүзеге асырған «Liaoning Hongda Group» компаниясына зор ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді жаңа инвестициялық циклге көшіру, заманауи өндірістерді іске қосу және өңірлердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырған болатын.

Бүгінгі тау-кен байыту комбинаты – осы ауқымды жұмыстардың аса маңызды бөлігі. Құрылысына 138 млрд теңге қаралған жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарлануда. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгін басталып жатқан  құрылыс сәтті аяқталып, мерзімінде іске қосылып, ел игілігіне қызмет ететініне сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шарада компания директоры Тан Цзючан, ел ағасы Изадилла Нәрзілдаев сөз сөйледі.

Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Қазіргі уақытта кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндірістік жолдар салу да қолға алынып, құрылыс алаңдары анықталды. Бұдан бөлек, электр желілеріне қосылуға жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта нысанды электр қуатымен қамтамасыз ету және электр желілеріне қосу межеленген.

Айта кетейік, кейінгі жылдары Сыр өңірінде жаңа өндіріс орындарының негізі қаланып, ірі жобалар жүзеге асуда.  Жаңақорған ауданында үш жылда 6,7 млрд теңгеден астам қаржыға 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл 3 жоба көзделсе, оның екеуі ел игілігіне айналды. Алдағы үш жылда облыстың өнеркәсіп саласында 1,9 триллион теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Алдыңғы мақала

«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

Келесі мақала

Мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі