• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Қызылордада 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен алдағы қос мереке -  Конституция және Білім күні қарсаңында "Арай" мөлтек ауданындағы 1500 орындық «Келешек мектебінің» ресми ашылуы өтті. Жиынға  Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, еліміздің барлық өңірінен келген қонақтар және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

28.08.2025
in Білім
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы жиналған қауымды, жаңа дәуір мектебінің ұстаздары мен шәкірттерін құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», деген болатын. Бүгін Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің заманауи әрі еңселі «Келешек мектебін» ашамыз. Жаңа оқу жылынан бастап бұл мектеп-лицейде мектепалды даярлық сыныптары ашылып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер тереңдетіліп оқытылады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасы оқу мен ізденіс арқылы әр баланың болашағын айқындап, елдің дамуына жол ашады.  Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Облысымыздың бюджеті 823 млрд. 400 млн. теңгені құрап, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Бұл қаражат өңірдің ең өзекті мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы толағай табысқа жетіп келеді. Сәулеті мен келбеті келіскен жаңа мектептер бой көтерді.  Соңғы үш жылда салаға 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. Мемлекет басшымыздың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Бүгінде 3 300 орындық 7 мектеп ел игілігіне табысталды. Қалған 3 мектептің екеуін салтанатты түрде ашу үшін бас қостық. Тағы бір мектеп Ұстаздар күнінде пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес,  жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. 2024-2025 жылдары Қызылорда қаласында 1 500 орындық 2 «Келешек мектебін» пайдалануға бердік. Бүгін, міне, «Арай» мөлтек ауданында құны 8 млрд. теңге болатын 1 500 орындық мектепті табыстаудамыз. Мұның барлығы жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда», — деді Н.Нәлібаев.

Рәсімде білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен құрылысты сапалы әрі мерзімінде салған мердігер мекеме қызметкерлеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Ғани Бейсембаев, Мұрат Әбенов өңірдегі ауқымды жұмыстарға оң бағасын беріп, құттықтауын жеткізді.

Еске салайық, 2023 жылдан бері облыстық бюджет есебінен 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектепке 2 900 орындық қосымша ғимарат салынып, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

«Білімді қолдау қоры» арқылы 8 млрд. 400 млн. теңгеге дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты ел игілігіне табысталды.

Білім ордасында оқуға еліміздің 17 аймағынан 1 445 оқушы өтініш білдіріп, білім бәйгесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 200 бала қабылданды.

Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн. теңгеге Арал ауданы Мергенсай елді мекенінен  150 орындық заманауи мектептің құрылысы жүруде. Нысан қараша айында пайдалануға беріледі.

Президент тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылды.

 

Алдыңғы мақала

«AMANAT»: Салық төлемдері бойынша кеңес берді

Келесі мақала

Өңірлерден келген делегаттар Сыр елінің даму қарқынымен танысты

Оқи отырыңыз

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті
Спорт

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті
Қоғам

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды
Әлеумет және экономика

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Өзекті жаңалықтар

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады

0

Жеке қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй алу, жер телімін рәсімдеу, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек мәселелері...

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды жеке маселелері бойынша қабылдады
  • Шиеліде қайта әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жоба өтті
  • Шиеліде діни-ағартушылық бағыттағы кездесу өтті
  • Көктемгі дала жұмыстарының барысы талқылынды
  • Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі