• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 17 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада еліміздегі үшінші президенттік кітапхананың іргетасы қаланды

Бүгін Ұлттық кітап күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, кәсіпкер- меценат Эдуард Огай, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, , құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен еліміздегі үшінші Президенттік кітапхананың іргетасын қалау рәсімі өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

23.04.2026
in Қоғам
0
500
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты 23 сәуір – Ұлттық кітап күнімен, кітапханашылардың кәсіби мерекесімен және жаңа кітапхана құрылысының басталуымен құттықтады.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшымыз өткен жылы аймағымызға жұмыс сапарымен келгенде Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананың Қызылорда қаласында ашылатынын жеткізген болатын. Жерлестеріміз бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдады.
Бүгін Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – білім мен мәдениеттің алтын діңгегіне айналатын Президенттік кітапхананың капсуласын салу рәсімінде бас қостық.
Маңызды жобаны жүзеге асыруға демеушілік көрсеткен елімізге белгілі кәсіпкер-меценат Огай Эдуард Викторовичке барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды,
зор ризашылығымды білдіремін.
Демеушілікпен 20 млрд. теңгеге салынатын, аумағы
13 мың шаршы метр, сәулетті, жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай болады. Ғимаратта оқу, конференц, басылым, архив пен сирек қорға арналған залдар, электрондық кітапхана, әлем әдебиеті бөлімі мен өнер галереялары, көрме, коворкинг орталықтары, қалпына келтіру шеберханасы қарастырылған.
Бұл – халықтың рухани дамуына, кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған Президентіміздің қолдауы.
Жаңа нысан тек кітаптар жиналған жер емес, ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен өркениетін дәріптейтін, жерлестеріміздің рухани тынысын ашатын тәрбие мен тағылым үйі болмақ! Жаңа кітапхананың құрылысы сәтті аяқталып, ел игілігіне қызмет етіп, ұлт руханияты мен білімінің өркендеуіне үлес қосуына тілектеспін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде Эдуард Викторович, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі.

Айта кету керек, 2022 жылдан бері өңірде 22 мәдениет нысаны жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Барлық ауданда «Руханият орталықтары» ашылды. Облыстың бас шаһарында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Оқушылар сарайы» бой көтерді.

Былтыр Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ассамблеяның 30 жылдығына орай «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынды.

Кейінгі жылдары «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Өнер мектебі» мен «Оқушылар үйі» іске қосылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды

Келесі мақала

Жаңақорған ауданының әкімі кітапханашыларды мерекемен құттықтады

Оқи отырыңыз

Қазақстан жастары Мемлекет басшысына деген сенімнің ең жоғары деңгейін көрсетеді
Әлеумет және экономика

Қазақстан жастары Мемлекет басшысына деген сенімнің ең жоғары деңгейін көрсетеді

Аймақ басшысы Аризона геномика институтының директоры Род Вингпен кездесті
Әлеумет және экономика

Аймақ басшысы Аризона геномика институтының директоры Род Вингпен кездесті

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Қоғам

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді
Қоғам

Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді

Арал. Жеті бірдей мектеп бітіруші түлектер білім грантын жеңіп алды

«Таза Қазақстан». Аралда тазалық жұмыстары басталды

Сырдария ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі ел ағаларын мерейтойларымен құттықтады

Шиелі ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің қатары толықты

Өзекті жаңалықтар

Қазақстан жастары Мемлекет басшысына деген сенімнің ең жоғары деңгейін көрсетеді
Әлеумет және экономика

Қазақстан жастары Мемлекет басшысына деген сенімнің ең жоғары деңгейін көрсетеді

0

Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелді – 91,4%. Бұл үрдіс сенім сипатының сапалық ерекшелігін...

Аймақ басшысы Аризона геномика институтының директоры Род Вингпен кездесті

Аймақ басшысы Аризона геномика институтының директоры Род Вингпен кездесті

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді

Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді

Арал. Жеті бірдей мектеп бітіруші түлектер білім грантын жеңіп алды

Арал. Жеті бірдей мектеп бітіруші түлектер білім грантын жеңіп алды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазақстан жастары Мемлекет басшысына деген сенімнің ең жоғары деңгейін көрсетеді
  • Аймақ басшысы Аризона геномика институтының директоры Род Вингпен кездесті
  • Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
  • Сессияда 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілді
  • Арал. Жеті бірдей мектеп бітіруші түлектер білім грантын жеңіп алды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі