• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы айлықтың ашылу салтанаты өтті

Бүгін Қызылорда қаласында 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

26.05.2026
in Құқық
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Айлықтың ашылуы аясында қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысқан кең көлемді профилактикалық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткі заттарына деген теріс көзқарасты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Акция барысында тұрғындар мен қала қонақтарына есірткіге қарсы мазмұндағы полиграфиялық өнімдер — тақырыптық буклеттер, жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды. Онда зиянды әдеттерден бас тартып, денсаулық пен белсенді өмір салтын таңдауға шақыратын үндеулер қамтылды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын кинологиялық қызметтің көрсетілімдері тудырды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтау, қауіпті бұйымдарды іздестіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын көрсетті. Студенттер кинолог мамандардың жұмысымен жақын танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Сонымен қатар іс-шара аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстары, интерактивті алаңдар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылып, жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға есірткіні қолданудың зияны, заңсыз айналымға қатысты жауапкершілік және өз денсаулығын сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамды нашақорлыққа қарсы күресте біріктіретінін атап өтті. Бүгін бастау алған айлық аясында алдағы уақытта облыс көлемінде түрлі профилактикалық, спорттық, шығармашылық және ақпараттық шаралар өткізілетін болады.

Алдыңғы мақала

«Салауатты болашаққа бастар сап: жастар нашақорлыққа қарсы»

Келесі мақала

Шиеліде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі