• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Халықаралық жастар күніне орай жастар онкүндігі өтеді. Әр күнге түрлі тақырып бекітіліп, 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

01.08.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Олардың қатарында экологиялық акциялар, мәдени бастамалар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, құқықтық түсіндіру жұмыстары, қайырымдылық және еріктілік бағытындағы жобалар бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов хабарлады.

— Онкүндік аясында күн сайын белгілі бір тақырыпқа негізделген іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Жастар және тазалық», «Жастар және денсаулық», «Жастар және білім», «Жастар және еріктілік», «Жастар және заң мен тәртіп», «Жастар және адал еңбек», «Жастар және достық», «Жастар және Абай», «Жастар және дәстүр» бағыттары бойынша түрлі мазмұндағы жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралар арқылы жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, экологиялық, мәдени, құқықтық және рухани мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру көзделіп отыр. Мәселен, сенбілік акцияларынан бастап, зияткерлік ойындар, кітап оқу марафондары, қан тапсыру бастамалары, ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени кездесулер, өнер байқаулары мен жастарға арналған ашық диалог алаңдары ұйымдастырылады. Шаралар жастардың қабілетін шыңдауға, пікірін еркін білдіруге және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған. Жалпы, бұл онкүндік — жастарға арналған іргелі жобалардың бірі. Жастар саясатын іске асыруда әр сала бойынша нақты қадамдар жасалып келеді. Осы онкүндікті ұйымдастыруда облыс әкімдігімен қатар барлық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жұмыла жұмыс жүргізеді. Барлығы 200-ге жуық іс-шара өткізіліп, тікелей және жанама түрде 50 мыңға жуық жас қамтылмақ. Бұл — жастардың әлеуетін дамыту мен қолдауға бағытталған ауқымды әрі мазмұнды бастама,-деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Сонымен бірге, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Алиби Басаров жастардың қабілеті мен мүмкіндіктерін дамытуға арналған жобалардың маңызды екенін атап өтті.

— Жастардың әлеуетін дамыту — өңірдің басты басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда біз жастардың білім, денсаулық, мәдениет, спорт және құқықтық сауаттылық салаларындағы белсенділігін арттыруға ерекше назар аударудамыз. Онкүндік аясында өткізілетін шаралар жастарға өздерін толық танытуға, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шаралар жастардың патриоттық сезімін күшейтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Біз жастардың әрбір бастамасын қолдап, олардың дамуына барлық жағдайды жасауға ұмтыламыз. Өңірде жастарға арналған инфрақұрылым үздіксіз жетілдіріліп келеді, бұл өз кезегінде олардың болашаққа сеніммен қарауына және елдің дамуына үлес қосуына септігін тигізеді,-деді Алиби Төлепбергенұлы.

Алдыңғы мақала

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

Келесі мақала

Теміржолшылар құрметке бөленді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі