• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 16 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалауда жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үй кешені иелеріне табысталды. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, Ассамблея өкілдері, «Акса Энерджи Қызылорда» компаниясының қызметкерлері қатысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

29.04.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жалпы 380 пәтерлік тұрғын үй кешенінің аумағы 24 мың шаршы метр, қалған үйлер биыл қазан айында тапсырылады.

Рәсімде аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен және қоныстоймен құттықтап, тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы», – деген болатын.

Айтулы мереке қарсаңында комфорт плюс санатындағы заманауи, жаңа үлгідегі «Тұран» кешенінің 7 қабатты алғашқы үйін пайдалануға беруге жиналдық. Тұрғын үйді Президентіміздің қолдауымен қаламызда жаңа жылу-электр орталығын салған түрік инвесторы «Акса энерджи Қызылорда» компаниясының қызметкерлеріне салтанатты түрде табыстаудамыз.

Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай! Алдағы уақытта да компания ұжымы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған серпінді жобаларды жүзеге асыра береді деп сенеміз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ.

Рәсімде құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нажмадин Түркпенұлы жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Айта кету керек, өңірде халықты баспанамен және әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.Соңғы төрт жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер табысталды. 2023 жылдан бері барлық ауданда шамамен 1800 жаңа пәтер пайдалануға берілді. Биыл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 2400 пәтер беру үшін бюджеттен 55 млрд 600 млн теңге бөлінді.

Кейінгі жылдары қала орталығындазаманауи дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер салынуда.

Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Келесі мақала

«Адал дос, асыл азамат» кітабының тұсаукесері өтті

Оқи отырыңыз

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
Мәдениет

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Өзекті жаңалықтар

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

0

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы коммуналдық сала мамандарын құттықтап, олардың қаланың тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір...

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
  • «Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі