• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 15 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қызылордалық ауыр атлеттер Азия чемпионатында топ жарды

Өңір спортшылары жуырда ғана Астана қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

15.07.2025
in Спорт
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

Аймақ атынан сынға түскен бес спортшының төртеуі жүлдегер атанып, еліміздің туын көкке көтерді. Жеңімпаз және жүлдегер спортшыларды Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке арнайы шақырып, олардың жетістігі мен алдағы жоспарлары туралы әңгімелестік.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 1 310 спортшы ауыр атлетикамен шұғылданады. Олардың дені халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, өңір абыройын көтеріп жүр. Биылғы Азия чемпионатына облыс атынан 5 спортшы қатысып, соның 4-еуі жүлделі орынға ие болды. Бір спортшымыз жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмады. Қазіргі таңда барлық аудандарда ауыр атлетика секциялары тегін жұмыс істейді. Алғашқы даярлық тобына 8 жастан бастап қабылдаймыз. Бірақ егер балада ерекше ынта байқалса, 6 жастан бастап та жаттығуға ала береміз. Қазір жетістікке жетіп жүрген балалардың дені осындай ерте жастан келгендер,- деді Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы Жеңіс Алдабергенов.

– Мен Қармақшы ауданындағы №15 олимпиадалық резервтер мектебінің жаттықтырушысымын. Оқушым Сәулебеков Ерасыл биылғы Әлем чемпионатында серпе көтеру жаттығуында алтын, ал қос сайыста қола медаль иеленді. Бұдан кейін, Астанада өткен Азия чемпионатында үш алтын жүлдеге (жұлқа, серпе және қос сайыс бойынша) қол жеткіздік. Ерасыл ел намысын абыроймен қорғап, көк туды көкте желбіретіп қайтты. Бұл жеңіске жету жолында мектеп директоры Алиев Артурдың қолдауы ерекше болды. Ол шәкіртімізді әрдайым бақылап, жігерлендіріп, барлық жағдайын жасап берді. Осы орайда Артур мырзаға алғысымыз шексіз. Болашақта бұдан да биік белестерге жететінімізге сенімдіміз,- деді жоғары санатты жаттықтырушы Айдар Ералиев.

– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Біз дайындықты наурыз айында бастап кеттік. Алматы қаласындағы базада оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ соның бәрін еңсеріп, жеңіске қол жеткіздік. Жалпы жарыстың өзі бір сын болса, оған дейінгі сбор нағыз шыдамдылықты шыңдайтын кезең. Сол кезеңді артта қалдырып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Кез келген спортшының арманы – Олимпиада шыңын бағындыру ғой. Біздің де арманымыз, мақсатымыз сол. Бізге қолдау білдірген баршаңызға алғысымды білдіремін,- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Әлем чемпионатының жеңімпазы Ерасыл Сәулебеков.

– Мен спортқа 9 жасымда келдім. Қазіргі таңда тұрақты түрде жаттығып жүргеніме 7 жыл болды. Осы уақыт ішінде мені жаттықтырып, әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан Алдабергенов Айбол, Алдабергенов Жеңіс және Қайратов Марат есімді бапкерлеріме ерекше алғыс білдіремін. Осы жеті жылдың ішінде талай қиындықты бірге еңсердік. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды,- деді ауыр атлетикадан Әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Бейбарыс Ерсейіт.

– Ауыр атлетикамен айналысып жүргеніме 8 жыл болды. Бұл спортқа деген қызығушылығым Илья Ильиннің жетістіктерін көріп, соған еліктеуден басталды. Бүгінде сол қызығушылықтың нақты нәтижесін көріп отырмыз. Әлем чемпионатынан кейін қайта күш жинап, Азия чемпионатына дайындалу оңай болмады. Бірақ барымызды салып, лайықты нәтиже көрсеттік. Жарыс та, дайындық та жоғары деңгейде өтті,- деді Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Ернұр Мырзахмет.

– Мен спортқа 10 жасымда келдім. Міне, 6 жыл болды тұрақты түрде айналысып келемін. Бұл менің қатысып отырған алғашқы Азия чемпионатым. Менің жаттықтырушым – Әмірбекова Аят. Сол кісінің жетекшілігімен осы жарысқа жолдама алып, ел намысын қорғауға мүмкіндік алдым,- деді Ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері Қайсар Мысырбек.

 

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Бюджеттің игерілуі және әлеуметтік инфрақұрылым сапасы бақылауда

Келесі мақала

Халықаралық «Нельсон Мандела» күні атап өтілді

Оқи отырыңыз

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті
Құқық

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?
Қоғам

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек
Денсаулық

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді
Денсаулық

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Қызметкерлердің жай-күйі сараланды

Мереке мезетіндегі адал міндет

Мейірімге толы мерекелік бастама

Сотталғандар психологиялық терапиядан өтті

ҚАЖД-ның №60 мекемесі сарбаздары марапатталды

Өзекті жаңалықтар

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті
Құқық

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті

0

Қызылорда облысы бойынша Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында, «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қорының қолдауымен түзеу...

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Қызметкерлердің жай-күйі сараланды

Қызметкерлердің жай-күйі сараланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті
  • Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?
  • Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек
  • Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді
  • Қызметкерлердің жай-күйі сараланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі