• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 15 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Қызылордалық жігіт өз әйелін жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталды

Жігіттің ата-аналарынан бата алып, молдаға некесін қидырып алған жары 15 жаста болған. Сол себепті сот 21 жастағы азаматты “жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсті” деп кінәлап отыр.

23.01.2025
in Оқиғалар
0
1.1k
SHARES
3.1k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Postscript.kz» ақпараттық агенттігіне сотталушының жақындары да, сүйіп қосылған келіншегі де аса ауыр жазамен келіспейтінін айтып шағымданды.

Шиелі ауданында тұратын Нұртілеу мен Аяла былтыр наурыз айында шаңырақ көтерген. Сол кезде жігіттің жасы 21-де, ал қыз 15 жаста болыпты. Қос ғашық отбасылық жауапкершілікті арқалай алатындарын айтып екі жақтың үлкендерінен рұқсат сұрайды. Ешкім қарсы болмаған соң, имамға неке қидырады. Артынша ағайынды шақырып, дүркіретіп той жасаған.

Біраз уақыт өткен соң Аяла жүкті болған. Аяғы ауыр келінін дәрігерге тексеруге апарғаннан кейін, құзырлы орган өкілдері жас отбасының тағдырына араласты дейді жігіттің анасы.

“Бала түсіп қалатын қауіпі бар деген соң, емханаға тексерттік. Ал дәрігерлер аяғы ауыр 15 жастағы келінім туралы ақпаратты полицейлерге жеткізіпті. Бір аптадан кейін баламды құзырлы органға шақырды. Содан тергеу басталды. 3 ай баламды тергеп сандалтты. Қазір қаншама қыз 16 жасқа толмай үйленіп жатыр. Олардың күйеуін неге соттамайды? Оларға заң жоқ та, бізге келген бар ма? Менің баламды апарды да, педофил деп 12 жылға соттап жіберді. Әділдік қайда?”, — деп жыларман сотталушының анасы Гүлбану Әшірбаева.

Осылайша бақытты өмірді аңсаған қос ғашықтың өмірі астаң-кестең болған. Яғни Нұртілеу Ибрагимов ҚК-нің 122-бабы, 3-бөілігі, 1-тармағы бойынша “16 жасқа толмаған қызды төсек қатынасына тартты” деген айыппен 12 жылға түрмеге қамалды. Сотта келіншегі жәбірленуші ретінде танылған екен.

Бірақ Аяла әлі күнге күйеуінің үйінде, келіндік міндетін атқарып жүр. Ол “өз еркіммен үйлендім” деген сөзімді судья да, құзырлы орган өкілдері де елемеді деп күйінеді.

“Мен бұл үкімге келіспеймін, күйеуімді босатып беріңдер дедім. Мысалы былай қарап отырсақ, 15 жастан үйленіп жатқандар көп қой. Бірақ солар бақытты болуға лайық та, біз неге бақытты болуға лайық емеспіз. Не үшін менің күйеуім жазықсыздан жазықсыз түрмеде отыр?”- дейді сотталушының жары Аяла Жүрсін.

Сот бұған байланысты пікір білдірмейміз дейді. Өйткені іс жабық қаралған екен. Ең қиыны, өткен аптада аппеллияциялық сотта да Нұртілеудің жақындарының шағымы қанағаттандырусыз қалған.

P/S: Екі жастың өміріне алаңдаған ата-аналар әділдікке қол жеткізу үшін енді жоғары сотқа шағымданамыз дейді.

Алдыңғы мақала

Жантүршігерлік жол апатынан жасөспірім қаза тапты

Келесі мақала

Көршісінен өш алмақ болған ер адам шатасып өзгенің қорасын өртеген

Оқи отырыңыз

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
Құқық

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Әлеумет және экономика

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
Қоғам

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды

Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

Пернедегі әуен һәм қызметтегі пәрмен

Өзекті жаңалықтар

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

0

Байыппен жеткізілген ой көптің көңіліне қонады. Басқосу барысында осы ұстанымға басымдық беріліп, Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары,...

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Конституция: құқықтық ойдың өзегі
  • Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
  • Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
  • Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі