• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданы әкімінің сайлауы басталды

Бүгін Қазалы ауданында ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1 бабы, 1 тармағы 2) тармақшасы негізінде бұрынғы әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтауына байланысты аудан әкімінің сайлауы өтуде. Жергілікті халық аудан әкімін тікелей сайлау арқылы таңдап, дауыс береді. Әкімдерді тікелей сайлау - Президент реформаларының бірі, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.09.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазалы ауданында барлығы 40 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 266 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Ал, аудан бойынша 47219 сайлаушы тіркелген.
Таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады.

Дауыс беру үй жайлары барлық талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер апарылатын болады.

Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз» деген болатын.

Осыған сәйкес, ел Президентінің бастамасымен, 2023 жылдың 5 қарашасында елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін пилоттық режимде сайлау өткізілген болатын. Соның ішінде біздің өңірімізде бұған дейін пилоттық негізде Сырдария және Шиелі аудандарының әкімі сайланған болатын.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданы «Үлгілі елді мекен» байқауында «Үлгілі аудан»номинациясы бойынша ІІ орын иегері

Келесі мақала

Саяси науқанға қатысу азаматтық борышым

Оқи отырыңыз

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Мәжілісте өңдеу өнеркәсібі мен “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

0

Кездесу барысында өскелең ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы жауапкершілік қағидаларын нығайту...

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі