• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 18 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сатирик Әдрасул Ахметовтың 70 жылдығына орай әзіл-сықақ драма үйірмелерінің фестивалі өтті

Бүгін Қазалы ауданында өзінің өткір сөзімен, астарлы әзіл, шымшыма шындыққа толы туындыларымен елдің ыстық ықыласына бөленіп, күлкінің ішінде үлкен ой тудырған сатирик, қаламы ұшқыр дарын иесі — Әдрасул Ахметовтың 70 жылдығына орай әзіл-сықақ драма үйірмелерінің аудандық фестивалі өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

07.11.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен «Сахнада өткен ғұмыр» атты фестивалге аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, фестивалге қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ерекше дарын иесінің ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі жайында айтып өтті.

-Сатира – ел ішінде жүрген шын суреткердің, шын ізденімпаздың, шын ұлт жанашырының қаруы. Бұл өнердің салмағы жеңіл көрінгенімен, жауапкершілігі зіл батпан. Осы жолда талмай еңбек етіп, өзінің дара қолтаңбасын қалыптастырған Әдрасул Ахметұлының еңбегі – зор құрметке лайық. Әдрасул Ахметұлы — Қазалы топырағының тынысын терең түсінген, ел ішіндегі тіршілікті қалт жібермей, қоғамға ой тастай білген санаулы дарын иелерінің бірі. Жастарға жол көрсетіп, өнердегі өрендерге өнеге болған тұлға. Ағамыз өнегелі өмір жолында бірнеше жылдар бойы ауданымыздың мәдениет саласын басқарып, саланың дамуына үлкен үлес қосты. Мәдениет саласында еңбек ете жүріп, Ахметовтерден құралған Қазалының «Тамашасын» құрды. Өнерлі ұжым ерекше сатиралық қойылымдарымен көрермендерінің ықыласына бөленді. Бүгінгі фестиваль – елге еңбек еткен, ұлттың рухын күлкімен көтере білген азаматқа көрсетілген құрмет. Ағамыздың өмір жолы – жас қаламгерлер мен өнерпаздарға үлгі, өшпес өнеге. Аудандық фестивалге қатысушы әзіл-сықақ драма үйірмелеріне сәттілік тілеймін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мұнан соң Әбдрасул Ахметовпен бірге қызмет жасап, замандас болған ел ағалары Нажмадин Шамұратов, Жанатқа Бекжанов, Ешмаханов Сақтаған мен Есекеев Құдайберген сынды азаматтар сахна төріне көтеріліп, сатира саңлағы жайында жылы естеліктерімен бөлісті.

Аудандық фестивалдің қорытындысымен «Көрермен көзайымы» номинациясымен, аудандық оқушылар Үйінің «Өнегелі орда» драма ұжымы, «Өнерлі ұжым» номинациясымен, Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің «Шабыт» драма ұжымы, «Ойлы әзіл» номинациясымен, Жалаңтөс батыр ауылдық клубының драма ұжымы, «Сатира саңлақтары» номинациясымен, Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, «Үйлесімді сатира» номинациясымен Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінің «Кент шоу» драма ұжымы, «Күлдіріп отырып жылатқан» номинациясымен Қ.Пірімов ауылдық клубының драма ұжымы марапатталды.

Ал, сахна саңлағы Әбрасул Ахметовтың достары бүгінгі фестивалдің жеңімпаздары аудандық мәдениет орталығы жанындағы «Қазалы қалжыңы» ұжымына «Үздік әзіл-сықақ» арнайы номинациясын табыстады.

Алдыңғы мақала

Алматыда крематорийдің қашан іске қосылатыны белгілі болды

Келесі мақала

Қазалыда «Сыр сүлейі – Қарасақал Ерімбет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Оқи отырыңыз

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
Құқық

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті
Спорт

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті

Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті
Қоғам

Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті

Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді

Жаңғыру жолындағы жан сыры

Әйел адам жүкті келіншекті аяусыз ұрып-соқты

Әнші Салтанат Бақаева — “Өмір тек әзілден тұрмайды”

Сырдария: мемлекеттік қызметтегі заңдылық пен әдеп нормалары

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты

Өзекті жаңалықтар

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
Құқық

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

0

Көшпелі комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Даурен Тлеумбетов, аудандық прокуратураның прокуроры Еркебұлан Қанатбек, аудандық полиция бөлімі бастығының...

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті

Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті

Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті

Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді

Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді

Жаңғыру жолындағы жан сыры

Жаңғыру жолындағы жан сыры

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
  • Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті
  • Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті
  • Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді
  • Жаңғыру жолындағы жан сыры
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі