• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханада семинар ұйымдастырылды

Жоспарға сәйкес медицина қызметкерлерінің қатысуымен АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

26.05.2026
in Денсаулық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Семинарға Қызылорда облыстық АИТВ/ЖИТС орталығының мамандары — Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Утепова Жамиля Дүйсенбаева, Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Балықбаева Салтанат Шамиевна және емдеу бөлімінің меңгерушісі Мусрепова Лаура қатысып, тақырып аясында кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, инфекцияны ерте анықтау, диагностика және заманауи емдеу тәсілдері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне инфекциялық бақылау талаптарын сақтау, медициналық құралдарды залалсыздандыру, науқастармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі жұқпалы ауру. Бұл вирус адамның иммундық жүйесін зақымдап, ағзаның қорғаныш қабілетін әлсіретеді. Соның салдарынан адам ағзасы түрлі инфекциялық ауруларға және қатерлі ісіктерге қарсы тұра алмай қалады. Атап айтқанда, бактериялық пневмония, кандидоз, герпес, адам папилломавирусы секілді оппортунистік инфекциялар жиі кездеседі.

ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) – АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы болып табылады. Бұл кезеңде иммундық жүйе толықтай әлсіреп, науқастың өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын науқас. Көп жағдайда вирус тасымалдаушылар өздерінің жұқтырғанын білмейді, себебі ауру белгілері бірнеше жыл бойы байқалмауы мүмкін. Осы уақыт аралығында олар басқа адамдарға инфекция жұқтыру қаупін тудырады.

Алдыңғы мақала

Оқу жылының қорытындысы мен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Қазалы: Оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі