• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 29 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Су үнемду мен әртараптандыру – ауыл шаруашылығындағы басым бағыт

Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді деп,- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

29.07.2026
in Экология
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиын барысында шаһардың 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында қол жеткізген нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған маңызды жобалар кеңінен таныстырылды.

Қала әкімінің айтуынша, биыл Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде жалпы көлемі 7 819 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Егіс құрылымын әртараптандыру саясаты аясында жаңа жоңышқа, қант құмайы, арпа, жаздық бидай, жүгері және судан шөбі егілді. Сонымен қатар тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы сұранысты өтеу мақсатында 2 450 гектар алқапқа көкөніс пен бақша дақылдары орналастырылды.

Өңірдің негізгі стратегиялық дақылы саналатын күріш биыл 2 681 гектар жерге себілді. Күріш шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін суармалы су көлемін тиімді пайдалану және су тапшылығының алдын алу шараларына ерекше назар аударылып отыр.

«Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Сондықтан бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі вегетациялық кезеңде шаруашылықтарды аяқ сумен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. Су тапшылығының алдын алу мақсатында барлық қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану үшін Қызылжарма каналының 9 шақырымдық бөлігін науалау жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бастама су ысырабының алдын алып, егістік алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов.

Айта кету керек, Қызылжарма каналын науалау жобасы өңірдегі су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып саналады. Ұзындығы 9 шақырымды құрайтын каналдың құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін су шығыны едәуір қысқарып, суармалы жерлерге судың тұрақты әрі тиімді жеткізілуіне жағдай жасалады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жол ашады.

Мемлекет басшысының су үнемдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Қызылорда қаласында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және шаруаларды қолдау шаралары өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға негіз болмақ.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылорда инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылуда

Келесі мақала

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Оқи отырыңыз

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды
Қоғам

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды
Құқық

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Қоғам

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ
Қоғам

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Су үнемду мен әртараптандыру – ауыл шаруашылығындағы басым бағыт

Қызылорда инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылуда

Қазалыда 6 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жалағаш ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды
Қоғам

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды

0

Жиын барысында тұрғын үйлердің қалыпты әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, ортақ мүлікті күтіп-ұстау, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін бақылау,...

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ

Су үнемду мен әртараптандыру – ауыл шаруашылығындағы басым бағыт

Су үнемду мен әртараптандыру – ауыл шаруашылығындағы басым бағыт

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқылынды
  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды
  • Сексеуіл теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Биыл Қазалы ауданында 4 ауыл көгілдір отынға қосылмақ
  • Су үнемду мен әртараптандыру – ауыл шаруашылығындағы басым бағыт
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі