• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Су үнемдеу технологияларын енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесті. Кездесуде өңірдің су шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы, вегетациялық кезеңнің өту барысы, су үнемдеу технологияларын енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралды-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

16.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы министрліктің көрші мемлекеттермен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде биыл вегетациялық кезең тұрақты өтіп жатқанын айтты.

Бұқара қаласында өткен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысында Шардара су қоймасына 2,8 млрд текше метр су жіберу туралы келісімге қол жетті. Шілденің 10-на дейін жоспарланған 2 млрд текше метрдің орнына 2,8 млрд текше метр су келіп, жоспар 40 пайыз артығымен орындалды.

Мемлекет басшысының су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде суармалы егіншілікті әртараптандыру жалғасуда. Биыл күріш алқабы өткен жылмен салыстырғанда 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектар болды. Кейінгі төрт жылда күріш көлемі 19 мың гектарға немесе 21 пайызға азайды. Қысқартылған күріш алқаптарының орнындағы 10 мың гектар жерге суды аз қажет ететін дәндік жүгері егілді.​

Басқосуда өңірдің тыныс-тіршілігіндегі маңызды су жобаларын қолдау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын іске асыруды бастау. Жоба бойынша Көкарал бөгетін 44 метрге дейін көтеріп, Солтүстік Арал теңізінің сыйымдылығын 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазалы ауданындағы 31 мың гектар егістікті, 120 мың гектар шабындық пен жайылымды сумен қамтамасыз ететін «Қараөзек» су қоймасының құрылысын бастау мәселесі де талқыланды. Жоба Ислам даму банкі қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ су шығынын азайту үшін 66 каналды бетондау мәселесі қаралды. Бүгінде сараптамадан өткен 17 жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Келесі мақала

Тұрғындар көтерген мәселелер тұрақты бақылауда болады

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі