• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сумен жабдықтау және үнемдеу шаралары қаралды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін цифрлық технологияларды енгізу шаралары қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, баяндама жасады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі

01.07.2025
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,6 пайыз болды.
Өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне 9 ауылдық елді мекен қосылмаған.
Оның 5-еуін топтық су құбырына қосу және 4-не ішкі су жүйелерін салу жоспарланған.
Өзіңіздің тікелей қолдауыңызбен қажетті қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы жылы Президентіміздің халықты 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы толық орындалады», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін ел тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған сәйкес, біздің басты міндетіміз – жыл соңына дейін өңір тұрғындарына сапалы ауыз суды толықтай жеткізу. Тапсырманың мерзімінде орындалуын қамтамасыз етіңіздер.
Жаз мезгілінде ауыз су қысымына тұрғындар жиі шағымданатыны белгілі. Осыған байланысты 1 апта ішінде тұрғындарға ауыз судың жеткізілуі мен көрсетілетін қызметтің сапасын тексеріп, тиісті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте ешқандай олқылық болмауы тиіс. Судың қысымын тұрақты бақылауда ұстап, үздіксіз берілуін қамтамасыз етіңіздер.
Қала, аудан әкімдеріне, облыстық басқарма, аумақтық департаменттер мен инспекция басшыларына қатаң ескерту жасаймын, өз аумақтарыңыздың тазалығын сақтау, көгалдандыру, көркейту және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырыңыздар», – деді облыс әкімі.

Бүгінде Мемлекет басшысының қалалардағы кәріз тазарту станцияларын жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, арнайы Жол картасы бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр биологиялық тазарту станциясын жаңғырту қолға алынған.q

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жазасын өтеуші азаматтар пластикалық терезе жасайтын кәсіпорында еңбек етіп жүр

Келесі мақала

Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

Оқи отырыңыз

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Құқық

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Әлеумет және экономика

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Қоғам

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті
Қоғам

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі