• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 17 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сыр өңірінде «Қазақстан халқына» қоры арқылы жүзеге асырылған қайырымдылық жобалары көрсетілді

Әлеуметтік маңызы бар салаларды дамытуға ерекше көңіл аударған «Қазақстан халқына» қорымен Қызылорда облысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз туры ұйымдастырылды. Баспасөз туры барысында қордың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау бағыттарында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалары мен жобалары көрсетіліп, журналистерге олардың нәтижелері таныстырылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

25.09.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2022 жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен облыстың әлеуметтік саласына жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік нысандарды жабдықтауға, балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталды.
Баспасөз туры барысында ең алдымен БАҚ өкілдері Қызылорда қаласындағы №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатымен танысты. «Арнайы мектеп ұйымдарын жабдықтау» жобасы аясында бұл мекеме оқу, түзету және шығармашылық бағыттағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қордың қолдауымен қазақ тілі кабинеті мен шеберхана жаңартылып, балалардың тілдік дағдыларын дамытуға және еңбекке баулуға мүмкіндік жасалды. Қазіргі таңда, интернатта 56 бала тәрбиеленуде, ал түлектердің бір бөлігі тігін ісін кәсіби деңгейде жалғастыруда.
Келесі бағыт – облыстық онкология орталығы. Мұнда, «QH Денсаулық жолы» жобасы аясында табысталған жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы таныстырылды. Заманауи жабдықталған көліктер шалғайдағы елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетіп, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беруде. Маммографиялық аппарат, жоғары деңгейлі ультрадыбыстық жүйе және компьютерлік томограф — барлығы Жапонияда жасалған жоғары дәлдіктегі құрылғылар. Бұл Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізілген кешен болып табылады. Жоба халықтың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосуда.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының Талсуат ауылында журналистер «QH Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасымен танысты. Бұл бастама ерекше күтімді қажет ететін балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Оларға арнайы техникалық оңалту құралдары ұсынылып, ата-аналарға кәсіби кеңестер берілуде. Мұндай қолдау балалардың қоғамға бейімделуіне және тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға жол ашуда.
Баспасөз туры соңында БАҚ өкілдері Жалағаш ауданындағы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінде болып, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының нәтижелерімен танысты. Жоба аясында мектеп робототехника, STEM-зертхана, физика және химия кабинеттерімен жабдықталды. Сонымен қатар, мұғалімдерге зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары өткізілген. Бұл ауыл мұғалімдеріне жаңа әдістемелерді меңгеріп, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.
Баспасөз турға қатысқан журналистер қордың аймақтағы бастамаларының маңыздылығына көз жеткізіп, халыққа нақты жеткен көмекті өз көздерімен көрді.
Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қорының өкілдері алдағы уақытта осы бағыттағы жобаларын жалғастыра беретінін жеткізді.

Алдыңғы мақала

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмысы жүргізілді

Келесі мақала

Қызылорда облысының әкімі әлем чемпионы мен бапкеріне пәтер және көлік кілттерін табыстады

Оқи отырыңыз

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда
Экология

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады
Әлеумет және экономика

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты
Әлеумет және экономика

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

Туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Қызылордадағы жаңа жылу электр орталығында электр энергиясы өндірілуде

Қызылордада есірткіге қарсы жаппай марафон өтті

Қызылордада сотталғандар темір бұйымдар мен шлюздер жасауда

Өзекті жаңалықтар

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты

0

Аудан бойынша 2026 жылдың 3 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 24,6 пайызға артып,...

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда

Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады

Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты
  • Арал: аудан көлеміндегі тазалық жұмыстары басты назарда
  • Мемлекеттік қызметте әдеп пен заңнаманы сақтау мәселелері талқыланады
  • Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты
  • Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі