• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 17 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы Яхия Тасыровты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, дәстүрге сай сый-сияпат көрсетті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

09.05.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгінде жасы ғасырдан асқан қарт майдангер 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан.

Одан кейін қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысқан мәжіліс өтті. Жиында Нұрлыбек Нәлібаев бірге қызмет атқарған әріптестеріне ризашылығын білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқанүлестері үшін алғыс айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бұл – маған жүктелген зор жауапкершілік. Сіздермен бірге 4 жылдан астам уақыт бойы туған жеріміздің өсіп-өркендеуі жолында еңбек еттік. Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей қолдауының арқасында аймақта ауқымды жобалар жүзеге асып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалар қолға алынды. Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша республикада үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл – кәсіби біліктіліктің, ел бірлігінің және ортақ жұмыстың нәтижесі.

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан»реформалары мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының табысты орындалуы – барлығымыздың бірлескен еңбегімізге байланысты. Сондықтан алдағы уақытта да ел игілігі жолында жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.

Жаңадан тағайындалған облыс басшысы Мұрат Нәлқожаұлына қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына бірге атсалысасыздар деп сенемін. Біз де Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз. Мұрат Нәлқожаұлына Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеймін. Өңіріміз өркендеп, дами берсін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ.

Әрі қарай ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары зиялы қауым өкілдерімен бірге Президент паркі аумағындағы 300 орындық балалар тынығу лагерінің құрылыс барысымен танысты.

Президент тапсырмасына сәйкес, Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен салынып жатқан лагерьде жеткіншектердің демалысын ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға барлық қолайлы жағдай жасалады. Онда спорт кешені, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған event-аймақ, заманауи үлгідегі 5 киіз үй, ашық бассейн, спорт түрлеріне арналған ойын алаңдары, амфитеатр, балалар мен тәрбиешілерге арналған тұрғын блоктар қамтылған. Жыл он екі ай қызмет көрсететін лагерь 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, Нұрлыбек Нәлібаев коммуналдық сала қызметкерлерімен арнайы кездесіп, мамандар еңбегіне алғыс білдірді. Тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне үлес қосқан бірқатар қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Машбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, өңірдің дамуы жолында атқарылған жұмыстарды халыққа жедел әрі сапалы жеткізген журналистер қауымына алғыс білдірді.

Алдыңғы мақала

Аралда Ұлы Жеңіс күніне орай эстафеталық жарыс өтті

Келесі мақала

Мейіргерлер күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды

Оқи отырыңыз

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Құқық

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
Құқық

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Аудан әкімі өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды пысықтады

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Өзекті жаңалықтар

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

0

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады
  • Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
  • Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
  • Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
  • Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі