• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 17 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

 «Сыр толқыны» II Республикалық күйшілер конкурсы қорытындыланды

Қызылорда қаласында Ұлттық Домбыра күні аясында Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған «Сыр толқыны» II Республикалық күйшілер конкурсы өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

06.07.2025
in Өнер
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сыр елінде екінші рет өтіп жатқан өнер додасына республикамыздың 10 өңірінен талантты 24 талапкер қатысып, өзара бақ сынады.

Байқауға күй өнерінің танымал шеберлері, күйші-композитор, Құрмағазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, академик Төлепберген Төреахметұлы, күйші-композитор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Жұмашұлы, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Балтабайұлы, күйші, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлімжан Нағызханұлы, күйші, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика және дәстүрлі өнер» институтының оқытушысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Алдияр Шағдатұлы қазылық етті.

Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан күйшілік дәстүр мен оны таратып жеткізушілер бас қосқан күйшілер конкурсы Сыр бойы күйлерін қайта жаңғыртып, жергілікті күйші-композиторлардың мұрасын жас жеткіншектерге насихаттау арқылы халқымыздың көне, фольклорлық-этнографиялық домбыра аспабын меңгеруде кәсіби шеберліктеріне ықпал жасау, өнерпаздар қатарын дарынды, жаңа буын өкілдерімен толықтыруға мол мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысымен, III орын Ерімбет Орынбасаров (Арал ауданы), Мадияр Жасаңбаев (Қармақшы ауданы) және Алтынай Махмутқа (Қарағанды қаласы) бұйырса, Жәнібек Жұмабаев (Маңғыстау облысы) пен Айшолпан Қасымова (Астана) II орын иегері атанды. Жүлделі I орынды Саят Нұрәли (Алматы облысы) қанжығасына байласа, үздіктердің үздігі атанған жерлесіміз Махамбетхан Досымжан байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.

Өнер аламанында қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Серік Асқар (Шымкент қаласы), Әбілжан Тәттімбет (Жамбыл облысы), Көшербай Мұхамеддин (Қызылорда қаласы), Жұмағали Серік (Алматы қаласы) және Кенгесбаева Жұлдызайға (Алматы қаласы) байқаудың арнайы жүлдедері табысталды.

PS. Домбыра – халқымыздың рухани болмысының, дүниетанымы мен мәдениетінің алтын діңгегі. Күй – дәстүрлі өнеріміздің күрделі тармағы. Мерейлі мерекеде өткен өнер додасы сан ғасырлық саралану мен сұрыпталу дәуірінен өткен күйшілік өнердің жана толқынын анықтап, жас дарындардың өнерін өрістетуге жол ашты.

Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы өнеркәсіптік жобалардың жай-күйімен танысты

Келесі мақала

Қармақшы өнерпаздары облыстық байқауда үздік шықты

Оқи отырыңыз

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Құқық

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
Құқық

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Аудан әкімі өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды пысықтады

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Өзекті жаңалықтар

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

0

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады
  • Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
  • Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
  • Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
  • Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі