• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Бесарық ауылында дзюдодан 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Абай - Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

17.04.2026
in Спорт
0
504
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша дзюдо федерациясының төрағасы Садық Мұстафаев, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев, “АМАНАТ” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спорт саласын жетілдіруге ерекше басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде, аймағымызда бұқаралық спортты дамыту мен жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға көп көңіл бөлінуде. Облыста аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен жаңадан спорттық нысандар бой көтеруде. Облыс орталығында 11 мың орындық «Қайсар арена» стадионы салынды. Заманауи талаптарға сай жаңа нысан тек спорттық іс-шаралар ғана емес, сондай-ақ, мәдени-көпішілік шаралар мен гала-концерттер өткізуге өте қолайлы орын. Соңғы үш жылда облыста 20-дан аса спорт кешені салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда да жалғасын табуда. Бесарық ауылында жаңа спорттық кешен ел игілігіне пайдалануға берілді. Спорттың бұқаралық сипатының дамуына ел азаматтары өз үлестерін қосуда. Олардың қатарында «Абай-Дәулет» серіктестігі жыл сайын жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл – жастарға деген зор қолдау. Спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқан Мұрат Абайұлына шынайы алғысымды білдіремін, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Спорттық іс-шарада Қызылорда облысы бойынша төрағасы, Қызылорда облысының дзюдо федерациясы президенті, дзюдодан, қазақ күресінен және ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Шоңмұрынұлы және «Абай — Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Садық Мұстафаев Мұрат Сәрсенбаевқа республикалық дзюдо федерациясының «Дзюдо тарланы» медалі мен облыстық федерацияның «Алғыс хаты» табыстады.

Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге еліміздің 7 облысы мен 1 қаласынан 350-ге жуық спортшы қатысуда.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар «Абай-Дәулет» серіктестігі атынан арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті

Келесі мақала

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі