• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Сырдария: «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар және оқырмандар қатысты,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

23.04.2026
in Білім
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шара барысында рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Кітап көрмелері, ұлттық әдебиет пен әлемдік классиканың жауһарларына арналған бұрыштар және кітап керуені көпшілік назарына ұсынылды.

Аудан басшысы тұрғындар мен оқырмандарды «Ұлттық кітап күнімен» құттықтап, кітаптың баға жетпес байлық екенін атап өтіп, бұл күннің рухани-танымдық маңызына тоқталды.

– Кітап – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани қазына, баға жетпес байлық. Бұл күн – кітаптың қоғамдағы рөлін дәріптеп, білім мен парасатты биікке көтеретін айтулы мереке. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық кітап күні» аталып өтуде. Президентіміз: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу», – деп ерекше атап өтті.

Бүгінде ауданда 17 кітапхана жүйесі және білім ошақтарында кітапханалар бар. Аталған кітап қорларын сақтау және халыққа жеткізуде 50-ден астам кітапханашы аянбай қызмет етіп келеді. Жыл сайын кітап қорлары жаңартылып, кітапхана жұмысы заманауи техникалармен толықтырылуда. «Коворкинг» орталығы, тегін интернет желісі және аудио-видео құрылғылар пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жергілікті оқырмандардың белсенділігі, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығы жыл санап артуда. «Кітап – алтын қазына» десек, сол қазынаны оқырмандарға жеткізіп жүрген кітапханашыларға алғысымыз шексіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты жиын соңында кітапханашылар мен белсенді оқырмандарға кітап оқу мәдениетін дәріптеу жолындағы еңбектері үшін аудан әкімінің «Алғыс хаты», Қазақстандық салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы, облыстық салалық кәсіподақтың «Алғыс хаты» табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, Ұлттық кітап күніне орай аудан әкімдігінің атынан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне LED-экран мен дыбыс күшейткіш аппаратурасы сыйға берілді.

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Келесі мақала

Жаңақорған ауданының әкімі жауаптыларға мүгедектігі бар тұрғындарды жұмысқа орналастыруды тапсырды

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі