• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сырдарияда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен орталық алаңда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ата-аналар мен аудан тұрғындары қатысты,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

01.06.2026
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шара барысында балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған бірқатар көрмелер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жас суретшілердің туындылары қойылған сурет көрмесі мен оқушылардың инновациялық жобалары ұсынылған робототехника көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Мұнан соң аудан басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға тоқталып өтті.

– Бүгін бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын ерекше күн ғана емес, сонымен қатар әр баланың құқығын қорғауға, олардың жарқын болашағы үшін жауапкершілікті арттыруға үндейтін маңызды мереке. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. «Балалы үй – базар», «Бала – адамның бауыр еті» деп ұрпағын ұлықтаған халқымыз жас буынды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеген. Президентіміздің бастамасымен елімізде балалардың құқықтарын қорғау, олардың сапалы білім алуына, денсаулығын нығайтуына және жан-жақты дамуына бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бүгінде білім беру саласын дамыту, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, балалар спорты мен шығармашылығын қолдау бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Ауданда балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәдениет үйлеріндегі 140 үйірмеде 1700 жас шығармашылықпен айналысуда. «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарында өткізілген іс-шараларға 17 мыңнан астам бала қатысты. Биыл аудандағы «Жалын» тынығу лагерінде 791 бала демалатын болса, мектеп жанындағы лагерьлерде 3036 бала жазғы демалыспен қамтылатын болады. Елімізде сіздердің жан-жақты дамуларыңыз бен сапалы білім алуларыңыз үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінгі атқарылып жатқан игі істердің барлығы – сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін. Әрдайым білімге құштар, өнерге жақын, елін сүйетін азамат болып өсулеріңізге тілектеспін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Сонымен қатар, түрлі байқаулар мен қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан бірқатар балалар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, мерекелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара жас жеткіншектердің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордада ботаникалық бақ пайдалануға берілді

Келесі мақала

Аралда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі