• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Сырдарияда «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс – шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевнің қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудан ардагерлері, мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен аудан тұрғындары белсенді қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

23.05.2026
in Экология
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шара барысында аудан әкімі тұрғындарды ортақ іске жұмыла қатысуға үндеп, тазалық пен қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы» деген болатын. Аймағымызда орталық алаңдар мен мәдени-демалыс орындарын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған байланысты өңірімізде дизайн-код бекітіліп, облыс орталығынан бастап барлық елді мекендер бірегей сәулеттік талаптарға сай жаңаруда. Ауданымызда жаңа демалыс орындары мен аллеялар салынып, көшелерге абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау бағытында тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, сұрыптау және өңдеу жұмыстары жүйеленіп келеді. Аудан орталығында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс жасауда. Аймақ басшысының қолдауымен соңғы үш жылда «Үлгілі елді мекен» конкурсы аясында ауданымыздағы үздік ауылдық округтерге 7 арнайы техника табысталды. Барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпорын ұжымдары мен ерікті тұрғындар тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. Өткен жылы ауданымызда жасыл белдеуге, кіреберіс жолдар мен ірі көшелер бойына 17 мыңнан астам ағаш егілсе, биыл жыл басынан бері 11 мыңнан аса тал көшеті отырғызылды. Президент бастамасын қолдап, бірліктің туын жоғары ұстап, туған жеріміздің келбетін бірге көркейтейік, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Жиын барысында ауданның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, тазалық жұмыстарының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Ол ел бірлігі мен туған жерге жанашырлық таныту – әр азаматтың парызы екенін айтып, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Алдыңғы мақала

Сырдарияда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Келесі мақала

Арал ауданында тал егу шарасы өтті  

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі