Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ ұжымдық ынтымақтастық пен өзара сыйластықты нығайту. Бағдарлама аясында жазасын өтеуші азаматтарға Нэльсон Манделаның өмір баяны таныстырылды. Сонымен қатар, мәдени-танымдық бағыттағы іс-шаралар өткізу қарастырылған, белсенділік танытқан қатысушылар ынталандырылады.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге, олардың бойында оң құндылықтарды қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді







