• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы: Тәжік-ауған әскери қақтығысында қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті

Бүгін Тәжік-Ауған шекарасынан қазақстандық әскерилердің шығарылғанына 25 жыл толуына және 7 сәуір – «Ерлік күніне» орай Қазалы мәдени – демалыс кешеніндегі «Тағзым» аллеясында әскери қақтығыстарда қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған тағылымды шара өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.04.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаттары, ел ағалары және Тәжік шекарасында әскери қызметін өтеген ардагерлер мен жас сарбаздар Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ рухтарына арнап құран бағыштады.

Еске алу рәсімінде аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы елден жырақ шекара шебінде жүріп, ел тыныштығы жолында күрескен азаматтардың еңбегі мен ерлігі жайында айтып сөз қозғады.

Тәжік шекарасына біздің ауданымыздан 26 азамат аттанып, әскери борыштарын өтеді. Өкінішке қарай, қақтығыстар кезінде сол ерлердің бірі Отан алдындағы борышын өтеу барысында жерлесіміз Есетов Қанат жат жерде ерлікпен қаза тапты. Тағы үш азаматымыз елге аман оралғанымен, кейіннен өмірден өтті. 1995 жылдың 7 сәуірінде Дарваз ауданындағы Пшихавар тау шатқалында қанды шайқас болып, Қазақстандық жетінші біріктірілген ротаның жауынгерлері тосыннан жасалған шабуылға тап болып, бес сағат бойы ерлікпен қарсы тұрды. Сол ұрыста 17 жауынгеріміз ерлікпен қаза тауып, ондаған сарбаз жарақат алды. Пшихавар тау шатқалында болған шайқасқа қатысқан қазақстандық ротаның ішінде қазалылық Оңталап Кашимовта болып, ерліктің үлгісін көрсетіп, елімізге аман-есен оралды. Бүгінгі таңда ауданымызда тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстың 22 ардагері ортамызда. Олар — тірі тарих, ерліктің куәсі, батырлықтың белгісі. Сын сағатта ел қорғаған ерлердің өнегелі жолы бүгінгі және келер ұрпақ жадында мәңгі сақталады, – деді аудан әкімі.

Жиында Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Баймбетов сөз сөйлеп, қарулы қақтығыс кезеңіндегі естеліктермен бөлісті.

Айта кету керек, осыдан 33 жыл бұрын, яғни 1993 жылы қаңтар айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің басшылары тәжік-ауған шекарасын заңсыз қарулы топтардан бірлесіп қорғау туралы маңызды келісімге қол қойды. Бұл келісім – өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі болды. Осы міндетті орындау мақсатында Қазақстан Республикасынан арнайы құрама батальон жасақталып, оның құрамында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінен құралған жауынгерлер 8 жыл бойы тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде 2 мыңнан астам қазақстандық сарбаз бен офицер ТМД-ның оңтүстік шекарасын қорғауға қатысып, бауырлас Тәжікстан халқына көмек көрсетті. Олар тек әскери міндетін ғана орындап қойған жоқ, сонымен қатар адамгершілік пен достықтың, халықаралық ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.

 

Алдыңғы мақала

Қазалы: Дрон көмегімен көше тазалығын бұзғандар анықталуда

Келесі мақала

Балалар алаңында пышақпен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі