• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Тәлімгерлік кеңес: адал қызметтің айқын үлгісі

Көш бастаған кенен ой иелерінің ізінен ергендерге берері мол. Үлкен мен жас буын арасындағы сабақтастықтың мәні де осында.

20.02.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мұны ескерген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі сала ардагерлерімен тағылымды кездесу ұйымдастырды. Басты мақсат – жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және қызметке деген жауапкершілігін нығайту болды.

Кездесуге тәлімгерлер тобының төрағасы Қамзаев Талғат Салықұлы, тәлімгерлер тобының мүшелері Даулетова Несібелі Жапанқызы және Алимов Руслан Айтуғанұлы келді. Ардагерлер көп жылдық қызмет жолында жинақтаған мол тәжірибесімен бөлісіп, қызмет барысында кездесетін түрлі жағдай туралы әңгімелеп берді. Олар жас қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты сақтап, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындаудың маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар, қандай жағдайда да сабырлылық танытып, адамгершілік қағидаларын берік ұстану – алға жетелейтінін жеткізді.

– Бүгінгі жүздесу – біз үшін үлкен мотивация болды дер едім. Яғни, жас қызметкерлердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, өз қызметімізге деген құрмет пен жауапкершілікті арттыра түсті. Ақылдың рухани азық екені белгілі. Осы ретте, ардагерлерге пайдалы кеңес беріп, дұрыс жөн сілтегені үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта олардың сенімін ақтап, ел игілігі жолында адал қызмет етуге бар күш-жігерімді саламын, — дейді мекеменің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Әли Сәбит.

Расында да, темірдей тәртіп бар жерде төзім мен талпыныс керек-ақ. Мұндайда қызметке енді қадам басқандарды демеп-қолдау, бағыт беру артық етпейді.

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында есірткіге қарсы ауқымды акциялар өткізілді

Келесі мақала

Қауіпсіздікті күшейту қаперден шықпайды

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі