• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар жүктелді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде "Қазақстан Республикасының 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы", "2026–2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы",  «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюжеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің  көлемдері туралы» заң жобалары, алдағы жылу маусымына дайындық барысы,  Үкімет қаулыларының жобалары қаралды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

26.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  селекторлық режим арқылы қатысты. Отырыстан кейін көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына жиын өткізіп, тапсырмалар жүктеді.

«Биылғы 7 айдың қорытындысымен өңірімізде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Дегенмен, әлеуметтік- экономикалық дамудың макрокөрсеткіштерін орындау бағытындағы жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Өңдеу саласында 13,4 пайыздық өсім бар. Ауыл шаруашылығы басқармасы,  егін жинау науқанының уақытылы өтуін қамтамасыз етіңіздер. Облыстық құрылыс басқармасы, бюджеттен тыс көздер арқылы салынып жатқан нысандардың есебі, айлық, тоқсандық, жылдық есептемелері статистика органдарына толық ұсынылуы тиіс. Бұл жұмыстар қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп атқарылуы керек. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,  жылдық жоспарды орындау бағытындағы жұмысты ұйымдастырыңыздар. Қалыптасқан жағдай бюджет қаражатын неғұрлым ұтымды әрі нақты мақсаттарға жұмсауды талап етеді. Аймағымыз субвенциялы өңірлер қатарында. Әрбір жобаның қаржыландырылуы аса маңызды. «Бюджет кодексіне» сәйкес заң жобалары алдағы уақытта Парламенттің қарауына ұсынылады. 2026 жылға арналған республикалық бюджетті, үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемін бекіткенде барлық жобамызды қаржыландыруға қол жеткізуіміз керек.  Облыстық экономика және қаржы басқармасы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп,  1 қазанға дейін өңіріміздің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әкімдіктің қарауына енгізіңіздер. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қалыптастыруда заң жобасында көрсетілген бюджет параметрлерінің сақталуын қамтамасыз етіңіздер», — деді Н.Нәлібаев.

Жиында алдағы жылу маусымына қатысты  мәселелер де қаралып, міндеттер айқындалды. «Алдағы жылу беру маусымында ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Облыста мыңнан астам әлеуметтік нысан бар. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту басқармалары,  нысандардың толығымен дайын болуын қамтамасыз етіңіздер.

Білім мекемелерінің дайындық паспорттарын жаңа оқу жылына дейін, басқа әлеуметтік нысандардың құжатын қыркүйек айының 20-сына дейін  алыңыздар.

Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету өте маңызды. Коммуналдық кәсіпорын басшылары «Қызылорда жылу-электр орталығы», «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы, «Қызылорда су жүйесі», «Сыр суы» филиалы, «ҚазақГаз Аймақ», «Интергаз», «Қызылорда газ тарату» мекемелері   барлық жүйе мен нысанды 25 қыркүйекке дейін сақадай сай етіңіздер. Жылу беру маусымы кедергісіз, үздіксіз өтуі керек», — деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, жылу желілерін жаңғыртудың 6 жобасын іске асыруға  бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінде жұмыстың 67 пайызы орындалды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды міндет

Келесі мақала

Ақыл аламанындағы Конституция құндылығы

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі