«Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, саптық жиын барысында қызметкерлердің саптық жүрісі, сыртқы келбеті және қызметтік тәртіпті сақтау деңгейі тексерілді. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің жеке қызметтік куәліктері қаралып, олардың талапқа сәйкестігіне бақылау жүргізілді. Қызметтік тәртіп пен жауапкершілік – кәсібиліктің айқын көрінісі. Осындай тексерулер жеке құрамның сергектігін арттырып, тәртіп пен заңдылық қағидаларын берік ұстануға бағытталған.









