• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 11 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Тасбөгет кентінде жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тасбөгет кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жобаның бас мердігері «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5,1 млрд теңгенің жобасы аясында 4,4 шақырым көшелерді, атап айтқанда, Н.Назарбаев даңғылының 1,2 шақырымын күрделі жөндеуде,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

02.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кенттегі Есенов және Амангелді көшелерін төрт жолақтыға кеңейту қолға алынған. Жаяу жүргінші жолы, су ағатын арнайы лотоктар орнатылуда. Жаңа асфальт төселіп, заманауи жарықшамдар орнатылады.

Айта кету керек, соңғы жылдары өңірдегі жол инфрақұрылымы жобалары қарқынды әрі жүйелі. 2022-2026 жылдары 1700 шақырым автомобиль жолы мен 35 көпір өткелін салу, күрделі жөндеу үшін 185,8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Төрт жыл ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 82-ден 95 пайызға дейін артты.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, қала ішіндегі негізгі көшелермен қатар, шет аймақ жолдарын жөндеуге де басымдық берілген. Қазіргі уақытта көшелер жаңартылып, жол сапасы артты және тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуда.

Биыл 23,6 млрд. теңгеге қаладағы, қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі 70 көше қайта жаңғыртылады, күрделі және орташа жөндеуден өтеді.

Өткен жылы көлік кептелісін азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін бірқатар көше кеңейтілді.

Атап айтқанда, әуежай, Шиеліден кіреберіс, Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралық, Қожа Ахмет Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақты болды.

Сонымен қатар, Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жол құрылысы жүргізілді.

Арал қаласы мен Жаңақорған кентінде теміржол арқылы өтетін көпірлер, Қызылорда қаласы мен Жалағаш кентінде жаяу жүргінші өткелдері пайдалануға берілді.

Алдағы уақытта Қызылорда қаласындағы Бәйтерек шағын ауданына жаңа көпір салу жоспарланған. Қармақшы ауданындағы теміржол үстінен өтетін көпір құрылысы да жақын арада басталады.

 

Алдыңғы мақала

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Келесі мақала

Қазалыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті

Оқи отырыңыз

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
Құқық

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
Спорт

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Өзекті жаңалықтар

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
Құқық

«Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді

0

Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, ата-аналар мен балаларды бірлесіп спортпен шұғылдануға...

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Спорт есірткіге қарсы!»: Қызылорда облысында отбасылар арасында спорттық жарыс өткізілді
  • Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
  • Таза қала – ортақ іс!
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі