• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 18 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде

Бүгін ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.07.2025
in Экология
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бүгін ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті, — деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

Күн тәртібінде туристік аймақтардың тазалығы, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.
Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Осы жылдың бірінші тоқсанында өңірге 48 мың турист келген. Келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 89,2 пайызға артты. Туристерге 653 миллион теңгеге қызмет көрсетіліп, бұл көрсеткіш те 81,4 пайызға өсті.
Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті курорттық аймақтар тізіміне енгізілді. Биыл «Байқоңыр» ғарыш айлағына 4 мыңнан астам турист келген, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін артады деп күтілуде.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойында 55 сервистік кешен, сондай-ақ қала мен кенттерде 15 демалыс орны жұмыс істейді. Арнайы жұмыс тобы туристік нысандардағы қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстайды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде. Бюджетпен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен орталық алаңдар, демалыс, ойын және спорт алаңдары жаңғыртылуда. Қызылорда қаласындағы орталық алаң 1 млрд теңгеге, мәдени-демалыс паркі 6,3 млрд теңгеге қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Президент саябағындағы жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталмақ. Саябақта спорт, ойын алаңдары, санитарлық тораптар, экобокстар мен фандоматтар орнатылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни жаңа демалыс орындары мен аллеялар салу, көшелерді абаттандыру, жарықтандыру аудандарда да жалғасын тапқан. 2023 жылы өңірде бірыңғай дизайн код бекітіліп, облыс орталығы мен елді мекендердегі ғимараттар, аялдамалар, ойын алаңдары мен жарық бағаналары жаңа стандартқа сәйкестендірілді.
Қызылордада 60 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті мен 20 үйдің ауласы абаттандырылды. Биыл тағы 20 үйді жаңартуға 1 млрд теңге бөлінді.
Облыс орталығындағы теміржол вокзалы мен перроны 577 млн теңгеге жөнделді. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК-мен бірлескен бұл жұмыстар аудан орталықтарындағы вокзалдарда да жүргізілуде.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Қызылордада 992 гектар аумақта жасыл белдеу құрылуда. Жалпы 2030 жылға дейін 2,5 млн ағаш отырғызу, тұқымбақтар мен зертханалар салу жоспарланған. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында 80 көшеге 71 мың ағаш егу, 66 гектар жасыл алаң, 430 мың гүлзар және 500 шағын архитектуралық форма орнату көзделген.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Үкімет Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді

Келесі мақала

Әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен

Оқи отырыңыз

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан
Қоғам

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс
Қоғам

Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейд жүргізуде
Құқық

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейд жүргізуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
Құқық

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

0

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы мәдениетті...

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
  • Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
  • Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
  • Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
  • Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі